«Аула ойындарының» спорттық фестивалі
- Жарияланды 04.10.2016 05:00
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1141
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық – спорттық шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Аула ойындарының» спорттық фестивалінің ІІІ ақтық кезеңі болып өтті. Аталған жарыс “Қалашық”, “Доппен ұрып шығару”, “Асық ату”, “Лянга”, “Секірме” сынды ойын түрінен сынға түсті. Жарысты қорытындылай келе, «Жұлдыз» аула клубының 10-14 жас аралығындағы командасы “Қалашық” ойыны бойынша бірінші орын, “Доппен ұрып шығару” ойыны бойынша үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталды.
Атап айтатын болсақ, 10-14 жас аралығында “Қалашық” ойыны бойынша бірінші орынды иеленген Мөлдір Дүйсембекова, Нұрхан Самуратов, Асқар Баймаханов, ал, “Доппен ұрып шығару” ойыны бойынша үшінші орынды Рита Аймуратова, Айсұлу Сәрсенбаева, Жарасбек Түркіменбаев иеленді.
Жарысқа дайындаған команда жетекшілері Ақмарал Қаппарова, Алмас Құттыбайға алғысымыз шексіз
Р. Рахымбердиева,
«Жұлдыз» аула клубы.
Есейханда еңселі білім ордасы бой түзеді
- Жарияланды 02.09.2016 05:27
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1049
Мадина Жарас, "Талас тынысы"
1 қырқүйек – Білім күні Есейхан ауылында жаңа білім ордасы бой көтеріп, балаларға есігін айқара ашты.
Толығырақ: Есейханда еңселі білім ордасы бой түзедіЖаңа кітап Жүйелі еңбек жемісі
- Жарияланды 05.02.2016 08:38
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1707
Балалар өнер мектебінде Д.Қонаев атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен белгілі журналист Ерман Әбдиевтің құрастыруымен шыққан «Нарша деген...» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Толығырақ: Жаңа кітап Жүйелі еңбек жемісіЖерлестеріміз республикада танылды
- Жарияланды 19.02.2016 06:15
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1322
Мадина Жарас, "Талс тынысы"
Мәңгілік жырға айналған қазақ поэзиясының алдаспан ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған түрлі деңгейдегі іс-шаралар республика көлемінде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Толығырақ: Жерлестеріміз республикада танылдыМектеп өмірі Алғашқы қадам, алғашқы табыс
- Жарияланды 16.11.2015 04:42
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1508
Кеше ғана балабақшаны аяқтап, әлі де еркеліктен арылмаған балаларымыз бүгін міне, лицей табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды.
Толығырақ: Мектеп өмірі Алғашқы қадам, алғашқы табысТағы мақалалар...
Газет pdf нұсқасы