Соны серпін болмақ

http://turizm-hit.ru/

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін жасалған нақты әрі тың шешім, болашаққа құлшыныспен сенімді қадам басуға сеп болмақ.


Мемлекеттік дамудың бес институт­тық реформасы қоғам­дық ортада, соның ішінде, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласы мамандарының арасында қызу тал­қыланды.
«Индустрия­ландыру және экономикалық өсім» атты 3-тараудың 35 және 36-қадам­да­рында ауылшаруа­шылығы жерлерін тиімді пайдалану, мақсатты пайдалану, жерді пайдалануға тұрақты түрде мони­торинг жүргізу жөнінде жан-жақты зерделеніп, анық жазылған. Бұл өз кәсібімді ашып, ісімді алға бастырамын дегендер үшін де, жер телімдерін пайдала­натындар үшін де шешімі табылған құнды мәселе болып отыр.
Менің суармалы 40 гектар жерім бар. Көкөніс өсіріп, арзан бағамен ауылдастарым мен аудан жұртшылығын қамтамасыз етіп келемін. Бабын тапсаң, бақша да-байлық. Нәсіпті, жерден көріп отырған жағдайымыз бар.
Аталмыш бағдар­лама шаруа қожалығы бар жандарға айқын бағдар беріп, еңбегін еселей түсетіні белгілі.
Алдымызда үлкен мақсат тұр. Ол-Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Бұл үшін отандық экономиканы жан-жақты өркендетіп қана қоймай, елімізді қуатты әрі мәңгілік мемлекетке айналдыруымыз қажет. «100 нақты қадам» бағдарламасын тәуелсіз Қазақстанымызды әлемдегі көшбасшы елге айналдыру мақсатын көздейтін кешенді стратегия деуге болады.
Ерлан Төлеуішов,
«Малдыбай» шаруа қожалығының төрағасы, Бостандық ауылы.