Ұстанар бағытымыз- Ұлт жоспары

http://turizm-hit.ru/

Елбасы Н.Назарбаев халықтың қалауымен Президент болып қай­та сайланып, мемлеке­тіміздің қалыптасуының маңызды кезеңдерін атап өтіп, алда тұрған мақсаттарды нақты белгілеп берді.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 халықтық реформасына және 100 нақты қадам­ға бүкіл қоғамның қатысуына тікелей байланысты екені баса айтылды. Бұл дегеніміз-ұлт болып, жұдырықтай жұмылып, кездескен кедергілерді артқа тастап, алға басу.
Елбасының ұсынған бес институттық рефор­масын жүзеге асыру алдағы мақсаттарға жетуге жол ашатыны сөзсіз.
Экономикалық өсім, халықтың әл-ауқаты, елдің даму деңгейі, әрбір саланың жетістігі сауатты кәсіби басқарушылыққа байланысты өз жемісін береді.
Мемлекеттік қызметкер қызметін халыққа, азаматтардың заңды мүддесін қорғауға, мемле­кетке арнай отырып, басқару баспалдақтарының бәрінен біртіндеп өте жүріп, білімін жетілдіріп, өз ісінің шебері, білікті маман болып қалыптасуы тиіс.
Сондықтан да, диплом бойынша дәлелденетін базалық біліммен шектел­мей, біліктілікке ұмтылып, сапалық көрсеткішті атқарған ісі арқылы дәлелдеу. Бұл үшін де 5 реформаның алғашқы сатысында көрсетілген «мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау» бағытын басты тапсырма етіп алып, басқаларға сілтемей, өзіне жауап­кершілік ала білуі тиіс. Сонда ғана Мәңгілік елге апаратын «Нұрлы жолды» лайықты ете аламыз.
Бағдат Мадалиев,
Қаратау қаласы әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық бөлімшесінің басшысы.