Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Балалар - баянды болашағымыз

Индира Еркінқызы, «Талас тынысы»
Жадыраған жаздың ал­ғашқы күні ақ пейіл­ді, періште көңілді бүлдір­шіндердің төл мерекесі. Балалар күніне арналған мерекелік шара қаламыздағы «Балалар қалашығында» «Балалар біздің ертеңіміз» атты ертеңгілік концерттен бастау алды.

Мерекені қы­зықты өткізуге асыққан қаламыздың кішкентай тұрғындарын қала әкімі Қойшыбай Махашев құттықтады.
Мерекелік ертеңгілікте бейбіт елдің бүлдіршіндері ел мен жерді, ана мен әкені әнге қосып, қалашық аспанын әнмен қалықтатты. Түрлі ұлттар мен қызықты қуыршақ биін билеген, мың бұралған бүлдіршін қыздар да көңілге қуаныш сыйлады.
Балаларға арналған шара мұнымен таусылмай, қалашық ішінде арнайы құрылған бекеттерде түрлі қызықты ойындар ойнатылып, «Фос­форит» спорт кешенінің алдындағы асфальтты түрлі-түсті бояулармен бояп, сурет салудан сынға түсті. Сонымен қатар, қалашық ішіндегі бар балаға бал татыған балмұздақтар таратылды.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты үйде арнаулы қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен арнаулы көмек алушы балаларға мерекелік шара өткізілді.
Мұнда аты аталған бөлім басшысы М.Қарға­баева мен бөлімше меңге­рушісі Н.Сейдалиева балалар мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі.
Ізгі тілектен кейін, бүл­діршіндерге тәтті торт­тар мен сусындар, балмұздақ пен сыйлықтар үлестірілді. Баласының бақытқа бөленген шағына қуанған ата-аналар атынан А.Абдразақова алғысын білдірді.
Дәл осы күні қала көше­лері қызылды-жасыл­ды шарлар ұстаған бүлдір­шін­дермен ажарлана түссе, «Ақжелкен» бассейніне шомы­лып жатқан балалардың шат-шадыман күлкісі төңі­рекке шырай шашып жатты.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер