Жасампаз істердің жаршысы- жастар

http://turizm-hit.ru/

Индира Еркінқызы,
«Талас тынысы »

Тәуелсіздік бесігінде тербелген бүгінгі балаларымыз бақытты болашағымыздың бастауы болса, жігерлі жастарымыз ел ертеңінің іргетасы. Сондықтан да, мемлекет тарапынан жастар мәселесіне баса мән берілуде.
Міне, осындай маңызды басқосудың бірі- аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы жастар кеңесінің отырысы болып өтті.
Кеңейтілген кеңесті аудан әкімі Б.Қ.Рысмендиев ашып, жүргізіп отырды.
«Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы «Талас жастар орталығы» КММ-нің директоры Нүркен Мырзаев баяндады:
- Ауданымызда 53 278 ха­лық болса, соның 14817-і 14-29-ға дейінгі жастар болып табылады,- дей келіп, осы жылдың бес айында атқарылған істер мен алдағы жоспарларға тоқталып, аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебі мен жас кәсіпкерлер жайы және жалпы жастарға қатысты мәселелердің барлығын қамтып есеп берді.
Баяндамашының сөзін жалғаған аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Майя Қарғабаева «Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау» бағытының орындалу барысы туралы хабарлады.
-2015 жылыдың 1 мау­сымындағы есеп бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 228 адам жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірген болса, осының ішінде, 177 адам жұмыспен қамтылды,- дей келіп, әртүрлі салаға жұмысқа орналасуға жолдама алған азаматтар туралы дәйекті де дәлелді мәлімет берді.
Өз кезегінде сөз алған Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Б.Бекетаев жалпы ауыл халқының саны 2200 адам болса, оның ішінде: 260-ы 14-29-ға дейінгі жастар екендігіне тоқталып, жастар саясаты бойынша ауылда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды тілге тиек етсе, Талас АІІБ-нің ӘПБ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Е.Әбзелбеков 2015 жылдағы 5 айда түрлі құқық бұзушылық жасаған жастар жөнінде хабарлама жасады.
Аудан жастарының тыныс-тіршілігі мен атқарылған істер барысымен таныстырған, хабарламашылардың сөзін қорытындылаған Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Еркебұлан Есенғалиұлы Қыраубаев сарабдал саясаткер, кемеңгер Көшбасшы Н.Назарбаевтың әр жылы халыққа арнайтын дәстүрлі Жолдаулары мен болашаққа бастайтын бағдарламаларының басымдылығын айтып, 2004 жылы қабылданған «Жастар саясаты» жөніндегі Заңға толықтырулар мен өзгертулерге байланысты 5-тарау мен 31-баптан тұратын жаңа заңның күшіне енгендігі жайында көпшілікті хабардар ете келіп, “Ұлы Жеңіске-70 жыл” атты республикалық эссе жазу байқауында 3-ші орын алған А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 8-сынып оқушысы Мәдина Сәлменге арнайы диплом тапсырды. Ал, аудан әкімі Болат Рысмендиев жасампаз істердің жаршысы жастар жөнінде қорытынды сөз сөйледі.
Кеңесте күн тәртібінде көтерілген тақырыптар түгелімен қамтылып, талқыланып, шешім қабылданды.