Бүгінгі білімгерлер ертеңгі білікті маман

http://turizm-hit.ru/

Президентіміз Н.Назарбаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекет алдында тұрған бес ауқымды міндеттерді белгілеп берген еді. Алдағы уақытта атқарылуға тиіс бұл міндеттердің жалпыұлттық сипаты бар екеніне ерекше тоқталды.
«Мен реформалар жоспарын Ұлт Жос­пары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар тек мемле­кеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі»,-деп атап көрсеткен еді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Тәуелсіздік жылдарындағы қысқа мерзім ішінде еліміз дамудың дағыл жолына түсіп, бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына енді. Ендігі міндет-«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдар­ламасында айқындалған дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырмыз. Бұған Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы «Нұрлы жол» бағдарламасының мүмкіндік беретіні даусыз.
Олай дейтініміз-еліміз өзінің алға қойған мемлекеттік бағдарламаларын орындаудың айқын үлгісін көрсетіп келеді. Ал, Елбасы белгілеп берген 100 нақты қадам осы маңызды мақсаттарымызды орындау барысындағы бағыт-бағдарымыз болмақ.
Бұл бағытта біздің Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі 100 нақты қадамда атап көрсетілгендей білікті де білімді мамандарды дайындау барысында нақты шараларды қолға алып, жүзеге асырып келеді. Күні ертең «Бес халықтық реформада» тұжырымдалған міндеттерді жүзеге асыру барысында бүгінгі күні колледж қабырғасында білім алып жатқан білімгерлердің де қосар үлесі мол болмақ. Яғни, біз жан-жақты білімді, заманауи технологияны жетік меңгерген әлеуеті жоғары, кәсіби тұрғыда іскер еліміздің ертеңін дайындап жатырмыз. Бұл бағытта біздің оқу орнында қажетті негіз қаланған және мүмкіндіктеріміз де жеткілікті.
Алмас Ильясов,
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.