Дертке дауа дәрі қымыз өндіруде

http://turizm-hit.ru/

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламаның ІІ бағыты аясында ауылда кәсіпкерлікті қолдау арқылы жұмыс орындарын құру жә­не тірек ауылдарды дамыту бойын­ша бекітілген жоспарға сәйкес 2015 жылға 19 азаматқа 56 981,0 мың теңге қаралған. Аталған қаражат «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы ар­қылы беріледі. Қазіргі таңда 41 азаматтың құжаттары атал­ған қорға жолданды. Бүгінгі күнге 2013-2014 жылдары ша­ғын несие алып, қайтарыл­ған қаражат есебінен 8 аза­мат кәсібін жалғастыру мақсатын­да 18000,0 мың теңге көлемін­де шағын несие алды.
Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында Қаратау қаласы бойынша 25 азаматқа 67 000,0 мың теңге бөлінді. Мысалы, аталған бағыт негізін­де Қаратау қаласының тұрғы­ны Серикбай Бекмолдаевич Бапахов 2014 жылы өз ісін ашу мақсатында 3000,0 мың теңгеге жылқы малын алып, бүгінгі күні Қаратау қаласын және жақын аймақтарды қы­мызбен қамтамасыз етуде.
Бұл істе қымыз сауатын арнайы технологияның тигізген пайда­сы көп екенін айта кету керек.
Роман ҚЫРЫҚБАЕВ,
халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.