Болашақтың берік ұстанымы

http://turizm-hit.ru/

Елбасының «100 нақты қадам» деп аталатын Ұлт Жоспарымен танысу барысында онда айтылған мәселелердің тек бүгінгі күннің саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік қажеттіліктері ғана емес, еліміздің алдағы болашағы және оның даму көкжиегінің міндеттерін қамтып отырғанын байқадым.

100 қадам жобасын халық болып, қоғам болып, ұлтымыздың келешегі, ұрпағымыздың жалғасы – ел ертеңі жастарымыз болып іске асыратын болсақ, менің ойымша, біз аспайтын асу да, жетістік те болмауы мүмкін емес. Мемлекеттігіміздің қуаттылығы артып, экономикалық және өзге де бағыттарда тың серпілістер орын алары сөзсіз. 100 қадамның, әрине, әрқайсысы бүгінгі күннің талабымен алған кезде, өте маңызды қадамдар болып табылады. Құжаттың көңілімнен шыққан жері мұнда мәселелердің барлығы нақты қойылғандығы және олардың шешімі де нақты көрсетілгендігі. Бізге, әсіресе жастармен жұмыс жасауда, осындай нақты қадамдарды жүзеге асыра отырып, ілгерілей түсу керектігі өте қажет. Елбасының ұсынған 100 нақты қадамы ұлтымыздың тағы бір болашақ жоспарын айқындай түскені көңіл қуантады.
Осы «100 нақты қадам» Жопарында «Мәңгілік Ел» париоттық актісі жобасын әзірлеу жайлы да айтылған. Мұның қазіргі таңда, жалпы болашақта қазақ елінің өмірі үшін алар орны ерекше деп білемін, себебі өз елін, ұлтын, тілін, дінін сүймеген адам, ешуақытта жақсы істерге бастамайды, сондықтан да, тақырыптың өзінен жұртышылықты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, ұлттық қазынамызды аялай білуге үндейтін идея екені айқын көрініп тұрғаны байқалады.
Елбасының атап көрсеткен бес реформасы мен «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруда сенім, жігер және тиянақтылықты танытып, алға қарышты қадам жасауымыз керек деп ойлаймын. Біз бағындырмайтын асу жоқ, оны шешуде, біз келешегімізге сеніп, оны орындайтын болашақ жастарымызға бағыт-бағдар беруден жалықпай, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын.
Баян Жылбаева,
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.