Нұрлы болашаққа бастар батыл қадам

http://turizm-hit.ru/

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 5 инсти­туттық реформаны жүзеге асыру бағытын­дағы 100 нақты қадам жүктегені белгілі. Бұл- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық арена­да болашаққа дұрыс бағдар ұстануымыздың кепілі. Атаған бағыттың ІІІ. Индустрияландыру және экономикалық өсім бөлімі бойынша 35-қадам. Ауылшаруашылық жерле­рін тиімді пайдалану мақ­сатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу және 36-қадам. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұхсат алу рәсімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру деген сөздер назарымды бірден аударды. Рас, ауданымызда шаруамен айналысу үшін қожалықтарға жалға жер берілген болатын. Алайда, тетігін тауып, кәдеге жаратып, кәсіпке айналдырып жатқан шаруа қожалықтары некен-саяқ. Ал, сұраныс білдіріп, іс жасаймын деген азаматтарға шұрайлы жер керек. Ауданымыз мал шаруашылығына қолайлы, шабындық пен суармалы жер аз. Сондықтан, пайдалануға мүмкіндігі жетпеген шаруа қожалықтары жерінің бір бөлігін жұмыс жасаймын деп білек түреніп отырған азаматтарға өткізгені дұрыс емес пе? Одан ешкім ұтылмайды. Керісінше, аудан тұрғындары жергілікті өнімге қол жеткізіп қана қоймай, қосымша жұмыс орны ашылар еді. Жалпы, Ұлт жоспары- 100 қадамның ұтымды тұс­тары көп. Бастысы кедергісіз келешектің жоспары бұл.
Көшпенбет НҰРБЕКОВ,
аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы.