Халыққа қызмет етудің жаңа үлгісі

http://turizm-hit.ru/

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған бес реформа бүгінгі күні туындап отырған сын-қатерлерге лайықты жауап болмақ. Бұл реформаларды жүзеге асырудың қазірдің өзінде нақты жоспарлары­ның болуы қуантады.

Атап айтсақ, Елбасы реформа­ны жүзеге асыруда мемлекеттік қызмет корпусын реформалауға ерекше назар аударды. Бұл дегеніміз-командалық ауысу, мансаптық өсудегі кемшіліктерді жоя отырып, экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды сапалы қамтамасыз ететін, заманауи әрі кәсіби білікті мемлекеттік аппарат құру.
Міне, Елбасы нықтап берген нақты қадамды ха­лыққа адал қалтқысыз қызмет етумен қатар, бармақбастылық пен көз қысты­лықтан арылып, яғни жемқорлықты жоюға ұйымшылдықпен жағдай жасау.
Еліміздің әр саналы азаматы мен мемлекеттік қызметкері өз еңбегін пара­қорлықпен емес, адалдықпен бастауы тиіс.
Бекзат Әсембеков,
«Талас жастар орталығы» КММ-ның консультанты.