Еліміздің еңсесін көтерер бастама

http://turizm-hit.ru/


Елімізді алға жетелейтін, дамыған 30 ел­дің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін, құндылықтарымызды өрістететін «Нақты 100 қадам» бағдарламасы баршамызды жігер­лендіріп, сенімімізді бекіте түсті. Ол жаһанға төнген сын-қатерлердің алдын алуға арналған маңызды құжат деуге де болады. Бұл айқын мақсат, жігерлі құлшыныс, сенімді ұмтылыс жолындағы өзекті бастама болмақ.
Менің аса көңіл бөлгенім, болашағы бір­тұтас ұлт құндылықтарына арқау болған-төр­тінші реформа. Біртұтас ұлт құндылығы «Мәң­гі­лік Ел» идеясына келіп саяды.
Жалпы, Мәңгілік Елді жасайтын-жастар. Жаңарудың бастау көзі-жастарда. Қазіргі жастарымыз имандылыққа жақын, жаны таза, ескі идеологияны көрмегендер. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» идея­сын жастарға арналған жаңа идеология деуге болады.
Мемлекетіміздің өзегі де, негізі де-қазақ халқы. Осы мемлекетті құрушы қазақ халқының айналасына еліміздегі басқа ұлттар топтасып, бір мүдде жолында еңбек ете отырып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал, осы мақсатты жүзеге асыруда қазақ халқына зор жауапкершілік жүктелетіні анық. Ал, жастарға артылар жүк одан да ауыр.
Институттық реформалар қоғамдық қатынастар жүйесін түгел өзгертеді. Сондықтан да, халықтың қолдауына ие болып отыр. Сұраныс көбейіп, талап күшейтіледі. Осының бәрі жарқын болашақ жолында жасалып жатқан игі қадамдар.
Аңсаған ИгеновА, ҚазҰУ-дің білімгері.