Қоғам дертінің алдын алу

http://turizm-hit.ru/

Облыстық ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Н.З.Турабекова және Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры А.Шахабаеваның ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Талас ауданының өртке қарсы қызмет горнизоны қызметкерлеріне құқық бұзушылық профилактикасы, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау және ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын сақтау мақсатында оқу жиынын өткізді.

Сыбайлас жемқорлық- еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін факторлардың бірі. Сондықтан, қазіргі таңда жемқорлықты жою және оны болдырмау жолдары барлық мекемелерде жан-жақты талқыланып, оған қарсы шаралар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Н.З.Турабекова:
- Естір құлаққа ерсі «сыбайлас жемқорлық» күн тәртібінде жиі көтерілетін мәселелердің біріне айналған. Қоғам дертіне жол берілер болса, адами қасиет жоғалады.Қоғамның барлық саласын жемқорлық індеті жайлап бара жатқан соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас болып, онымен жаппай күресті қолға алды,-деді.
-Иә, қазіргі таңда Талас ауданының ТЖ бөлімі сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны болдырмау туралы мәселені тұрақты қарастырып отыр. Әркүн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар өткізіледі. Тек жұдырық боп жұмылғанда ғана қоғам дертінен өзімізді арашалай аламыз.
Ғалымжан Сыздықов,
Талас ауданының ТЖБ бас маманы, өртке қарсы қызмет майоры.