Түйіткілді мәселелер шешімін таппақ

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комиссиясы және Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті. 

 

Жиында алғашқы болып, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында және басқа да құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын әңгімелеген қала әкімі Қойшыбай Махашев: «Бағдарлама аясында «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» бойынша 2013 жылы 13,5 млн. теңгеге 1 жоба іске қосылса, 11 жоба негізінде 2014 жылы 52,3 млн. теңге, 2015 жылы 78,1 млн. теңге бөлініп, 14 жоба жүзеге асырылуда. Несиелендіру аясында 325 жұмыс орны ашылды.
Қаланы экономикалық ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 491 тұрақты жұмыс орнын ұсынатын, жылына 15 мың тонна натрий цианидін шығаратын зауыттың құрылысы «Зәкірлік» инвестиция­лық жобасы арқылы іске асырылуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла­масы аясында «Talast investment Сompany» ЖШС-не өндіріс­тік инфрақұрылымды дамыту бойынша газ құбырын, ауыз су, кәріз және техникалық су, жол және байланыс желісін жүргізу үшін 1469,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цемент шығара­тын «Жамбыл Недр» ЖШС-ң құрылысы жүргізілуде. Зауытты іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады»,- деді.
Сондай-ақ, басқосуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндаған аудан әкімдігі жер қатынастар бөлімінің басшысы Көшпенбет Нұрбеков Салық Кодексіне енген жер мәселесіне қатысты қойылған көпші­лік сауалына: - Заңға енгізілген жаңа өзгерістер бойынша шаруаның иелігіндегі жер көлемі 500 гектардан асса салықты әр тоқсан сайын төлейді. Ал, пайдаланылмаған жерлерге келмек болсақ, біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ондай жерлер аудан әкімдігі жер инспекциясының қарауына жіберіледі,- деп жауап берсе, қаладағы күл-қоқыстар мен ауыз су тазалығына байланысты ауданның Құр­метті азаматы, еңбек ардагері Шымкент Рысқұлдың сұрағына аудан­дық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшы­сы Гүлмира Маханова: -Кәсіпкерлік нысандарды тексеруге біздің құқығымыз шектеулі. Қаланың тазалығына қатысты мәселе аудан­дық ішкі істер бөлімінің құзырына жатады. Ал, ауыз суға байланысты басқарманың атына жазбаша өтініш беріңіз. Сол арқылы ауыз суға тексеріс жүргізіп, сараптама жасаймыз,- деп өзекті мәселенің шешу жолын түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, жиында аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлі­мі­нің басшысы Ғалымжан Рыспанов тұрғын үй қорындағы азаматтар­дың кезектілігін сақтаудағы сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Нұрбол Копадилов: «2015 жылға арналған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңы ая­сында ауылда жалпы жиналыс өткізіліп, әкімнің баяндамасы тыңдалды. Заңнамалардың орындалу мәселесі бойынша жыл бойы мемлекеттік мекемелердің жұмыстары қадағаланып тұрады»,-деп алдағы уақыт­та жүзеге асырылатын шаралармен таныстырды.
Жиын соңында Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қаулы шығарылып, 2015 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.