Мемлекеттік қызметке қабылдауең төменгі лауазымнан басталмақ

http://turizm-hit.ru/

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарынан көрінуі үшін Ұлт Жоспарын құрып, онда атқарылатын 100 нақты қадамын нақтылап бергенін білеміз. Оның алғашқы бөлімі кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға арналған. Себебі, заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі зор.

Нақты 100 қадамда дамыған елдердің тәжірибесінен үлгі ала отырып, елімізде мемлекеттік қызмет сапасына жаңа реформа жасалатын болады. Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдері жаңартылады. Елбасы мемлекеттік қызметке іріктеу мен қабылдауға ғана емес, бастапқы кезеңі ретінде кадрларды даярлау жүйесіне де түбегейлі өзгеріс қажеттігін атап өтті.
Кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы, азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды. Әсіресе, 100 қадамдағы “Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталмақ. Бұл қадам өзінің жұмысын жетік меңгеру үшін, адамдармен жұмыс жасаудың жөн-жобасын үйрену үшін аса қажет. Қызметте іскерлік қабілетін көрсете алса, олардың лауазымы өседі. Бұл мемлекеттік қызметтегі кадр саясатының ашықтығын қамтамасыз етеді. Әрбір басшы төменнен бастап барлық басқарушылық баспалдақтан өтуі керек”,- дегені өте әділ талап.
Мемлекеттік қыз­мет­кер басқаларға үлгі болатындай, білімі де, іскерлігі де, адамдарға деген құрметі, жанашырлығы бар, адамгершілігі жоғары тұлға болса ғана ел сеніміне ие болады.
Шынар Әбдікерімова,
аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің басшысы.