Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Медиаторлардың міндеті талқыланды

Индира ЕРКІНҚЫЗЫ, “Талас тынысы”

Қуанышы мен қиындығы кезек алмасып отыратын мына заманда адамдар түрлі жәйттарға тап болып, қасақана немесе абайсызда қылмыстық істерге барып жатады.

Осы кезде қоғам болып қол ұшын беру ежелден адами парызымыз.
Бүгінгі таңда ата салтымыз жалғасын тауып, негізінен бітімгершілік қағидатын басшылыққа алған медиаторлар жұмысы жүйеленіп келеді.
Аудандық соттың мәжіліс залында осы мәселені жандан­дыру мақсатында дөңгелек үстел жиыны болып өтті.
Ауқымды түрде өткен дөңгелек үстел жиынына аудандық соттың төрағасы Д.Джумабеков, аудандық соттың судьялары Б.Жар­мухамбетов, Ж.Жақсылық, Л.Дүкенбаева және Жамбыл облыстық медиаторлар қоғамының басшысы Л.Сафонова, кәсіби және ауданымыздағы кәсіби емес медиаторлары мен аудан әкімдігі сондай-ақ, қала әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашқан Джамбул Маманханұлы бүгінгі бас қосудың маңызына тоқталып, алғашқы сөзді Лариса Сафоноваға берді.
Өз кезегінде Лариса Сафонова: - Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылдан күшіне енді. Осы заң қабылданғалы бері медиаторлар жұмысы бір жүйеге түсіп келеді,- дей келіп, Медиация заңына егжей-тегжейлі тоқталып, ауданымызда кәсіби медиаторлар жұмысын жандандыру қажеттігіне тоқталды.
Келесі болып сөз алған Тараз қаласының кәсіби медиаторы Э.Пак, Жамбыл ауданының кәсіби медиаторы Н.Амирова Медиация заңы арқылы шешілген істерді тілге тиек етті.
Кәсіби медиаторлардың сөзін жалғаған судья Ж.Жақсылық ауданымызда 56 кәсіпқой емес медиатор жұмыс жасайтындығына тоқталып, көршілес аудандардағы жұмыс барысы қарқынды екенін айтып, біздің де аудандағы медиаторлардың біліктілігін көтеруді қолға алу қажет екенін айтты.
Жиын соңында ауданымыздың кәсіби емес медиаторларын осы жылдың тамыз айында тегін оқытатын біліктілік курсына оқуға шақырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер