Қоғамдық қабылдау өткізді

http://turizm-hit.ru/

«ТТ»-ақпарат»

Аудан прокуроры Жандос Бердіқұлов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, қоғамдық қабылдау жүргізді.
Бұл қабылдауға аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қарғабаева мен жұмыспен қамту орталығының директоры Р.Қырықбаев арнайы қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғыны Г.Маржанбекова «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша «аспазшы» және «маляр» сынды мамандықтардан біліктілік курстарын тәмамдағанын айтып, енді, тұрақты жұмысқа орналассам, деген өтінішін білдірді. Бұл сауалға Р.Қырықбаев осы мамандыққа сұраныс түсіп жатса, жолдама беруге уәде етті.
Келесі кезекте қабылдауда болған С.Бисалиева баспана мәселесі жөнінде, Н.Керімбаева жеке басының құқықтары төңірегінде сауалдарын қойды.
Қабылдауда Ж.Бердіқұлов тұрғындар тарапынан түскен өзге де сауалдарға заң аясында тиянақты жауап берді.