Жасампаз елдің жаңа қаласы

http://turizm-hit.ru/

Астана-ел мақтанышына, мемлекет мерейіне жаңа ғасырда пайда болған жасампаз жоба. Артқа тастаған он жеті жыл ішінде бас қаламыз бойын тіктеп, көзге түсіп, әлем назарына ілікті. Алдағы аз жылда бас ордамыздың атағы да, қанаты да кеңге жайылатынына күмән келтірмейміз.

Елдің астанасын жаңадан салу тарихта жиі кездесе бермейтін оқиға. Оның үстіне тәуелсіздігін енді алып, экономикасын енді тұрақтандырып келе жатқан ел үшін бүгінгі Астананың сәулеті мен салтанаты халықтың ниетіне жазылған, Елбасының зор тәуекелділігі және асқан табандылығымен келген жеміс. Сондықтан, жыл айналып соғатын Астана күні-елдік мереке, ортақ қуаныш.
Қаламыздағы орталық стадионда ме­кеме және ұжым қызметкерлері арасында ұйым­дастырылған спорт түрлерінен аудандық жарыспен басталып, мерекелік шара кешкісін «Жеңіс» алаңын­да жалғасын тапты. Жиылған көпшілік алдында сөз ал­ған аудан әкімі Болат Рысмендиев: - Бүгінде Елордамыз- елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқы­сы, абыройымыздың ай

ғағы болып отыр. Астана күні- барша қазақстандықтардың мерекесі. Өйткені, Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған асқақ Астана арқылы Қазақстан өзінің еңсе­сін тіктеген ел екендігін жер-жаһанға паш етіп ке­леді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баян­ды болғай!- деп мерейлі мерекемен құттықтады.
Игі тілектерден соң түнгі қала аспаны көз тартар әсем от шашулармен жарқырап, аудан өнерпаздары­ның шырқауындағы мерекелік концертке ұласты
.