Аудан әкімі Б.Қ.Рысмендиевтің “Талас ауданының 2015 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы” есебі

http://turizm-hit.ru/

2015 жылдың 5 мамыры күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент кезек күттірмейтін күрмеуі көп күрделі мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» жариялады, іске асыру тетігін айқындады. Бұл – жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген.

Ендігі меже – бағыт-бағдары айқын міндеттерді мінсіз орындау.
Президент кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп, ашықтыққа басымдық беруді жүктеді. Бұл ретте сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын арнайы бөлім құру қажеттілігі де айтылды.
Біздің ауданымызда да мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін жүзеге асыру күнделікті жұмысымыздың бағыт-бағдарына айналып отыр.
Аудан жұртшылығы Елбасының алға қойып отырған ауқымды міндеттерін жүзеге асыру жолында еңбек етуде. Бұл міндетті түрде өзінің оңды нәтижесін береді.
Аудан бойынша 2015 жылдың І-ші жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендегі көрсеткіштер негізінде қалыптасты:
Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 10 млрд.207 млн.теңгені құрап (2014 жылы 8844,1 млн.теңге), 115,4%-ға дейін өсіп отыр немесе 1 млрд.361 млн.теңгеге артып, аудан халқының жан басына шаққанда 190,8 мың теңгеден айналды.
Экономиканың нақты секторындағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері 7 млрд. 104 млн.теңгеге өндіріліп, 99,1%-ға немесе 67,0 млн.теңгеге кеміді (2014 жылдың 6 айында – 7 млрд.171,4 млн.теңге).
Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласында 2 млрд.768 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, оның үлесі - 39%, ал ауыл шаруашылығы саласында 4 млрд.337 млн.теңгені құрап, оның үлесі 61% болып отыр.
Өнеркәсіп
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 168,8 млн.теңгеге төмен немесе 94,3%-ға орындалған (нақты көлем индексі – 93,8%, 2014 жылы - 99,2%). Аудан халқының жан басына шаққандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,7 мың теңгені құрады (2014 жылдың 6 айында - 55,7 мың теңге).
Көрсеткіштердің төмендігі «Амангелді Газ» және «Амангелді Газ» ЖШС-тері бойынша орын алып отыр.
Инвестициялар
Осы аралықта негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 4 млрд.066 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд.151млн.теңгеге кеміп, 65,4%-ға жетіп отыр (2014 жылдың 6 айында – 6216,6 млн.теңге). Инвестиция кө­ле­мі­нің азаюына 2014 жылы нат­рий цианидін шығаратын зауыт құрылы­сының аяқталуы себеп болып отыр.
Инвестициялардың құрамына «Talas Investment Company» ЖШС-нен 1280,6 млн.теңге және “Жамбыл Недр” ЖШС-нен 113,5 млн.теңге тартылған.
Аудан халқының жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 76,0 мың теңгені құрады (2014 жылдың 6 айында - 118,0 мың теңге).
Инвесторлар тарту бойынша:
Аймаққа жаңа инвесторларды тарту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеміз. Соның нәтижесінде, «КСМ Жаңатас» ЖШС-і ауданда жылына 100,0 мың тонна әк тасын өңдеп шығаратын зауыт соғуды жоспарлауда. Жобаның құны-4,5 млрд.теңге. Қазіргі таңда зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыстар жасалуда. Зауытты іске қосқан жағдайда 120-150 адам жұмыспен қамтылады.
Алматы қаласында инвестконсалтинг компаниясымен (Сибаянбаев Қанат) бірге Италиянын Флоренция қаласының кәсіпкерлер және өнеркәсіп одағының өкілімен бірге (Lorenzo Barsi) кездесулер өткізіліп, ауданымыздағы мәрмәр тасын өндіретін кәсіпорындардын жұмыстарын жаңдандыру мәселесі талқыланды.
Жеке кәсіпкер «Мусаев» жылына 1,0 млн. тонна М-325, 425, 525 маркалы цемент шығару үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді көздеуде. Жобаның құны 27,0 млрд.теңге, жобаға сәйкес 210 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай-1» кенішінің әктасы мен топырағы пайдаланылады.
Үдемелі индустриалдық – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталды.
Осы кезеңде негізі ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна натрий цианидін шығаратын зауыттың құрылысы, яғни «Talas Investment Company» ЖШС «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Talas Investment Company» ЖШС-сі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі натрий цианидін өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі.
Қазіргі таңда натрий цианид өндіре­тін зауытын іске қосылу жұмыстары жүргізілуде. Жобамен жыл аяғына дейін 4,0 мың тонна цианид натрий өндірсе 2232,0 млн тенгенің өнімін шығарады. Тұрақты 491 жұмыс орын ашылады, бүгінгі күнге 546 адам жұмысқа қабылданды, оның жұмыспен қамту орталығы арқылы 377 адам жолданды.
Биылғы жылы «Talas Investment Company» ЖШС-і жалпы құны 1,2 млрд.теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаны іске асырды:
1. Жылына 150,0 мың дана 50 кг.болат барабаны және 18 мың дана 400 кг. ағаш жәшік дайындайтын болады. Жобаның құны 412,0 млн.теңге. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылды. Бүгінгі таңда 5 мың дана 50 кг.болат барабаны, 750 дана 400 кг. ағаш жәшігі шығарылды.
2. Зауыттан шыққан техникалық судың сағатына 14,5 шаршы метрі биологиялық тазалаудан өткізілетін болады. Жобаның құны -787,8 млн.теңге. 24 жаңа жұмыс орны ашылды.
2015 - 2019 жылдардағы, яғни екінші бесжылдықта жалпы құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цемент өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і зауытының инвестициялық жобасы жүзеге асырылатын болды,онда 150-200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда зауытта 195 адам жұмыс атқаруда. Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы жасалынды.
2015 жылдың II-ші жартыжылдығына өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін 2 жоба дайындалуда («Каратау ПРО» ЖШС-і ауданда жылына 200,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу, «Атамекен мрамор Көктал» ЖШС-і мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығару).
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарла­масы аясында 242,2 млн. теңгенің 19 әлеуетті жобалар ұсынылып, 69,3 млн.тенгенің 6 жобасы банктен оң шешімін алып, жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығы
4 млрд.336 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 102,4%-ға немесе 101,8 млн.теңгеге артты (2014 жылы 4234,7 млн. теңге). Аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 81,1 мың теңгені құрады (2014 жылы - 80,4 мың теңге).
Ауданымыз негізінен мал шаруашылығымен айналысатындықтан, бұл саланы дамытуға барынша ден қойып отырмыз.
Мал шаруашылығында ет – 5945,9 тонна (100,5%-ға), сүт – 4805,3 тонна (100,0%-ға), жұмыртқа -2331,0 мың дана (100,7%-ға), жүн 276,9 тонна (100,9%-ға) өндірілді.
Мал басының саны тұрақты өсуде. Мүйізді ірі қара саны 1,1%-ға өсіп, 24801 басқа, қой мен ешкі 0,3%-ға өсіп, 389189 басқа, жылқы 2,5%-ға өсіп, 8938 басқа, түйе 1,7%-ға өсіп, 1986 басқа жетті, тек құс саны 78,9%-ды құрап, 206822 бас болды.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алу үшін 236,9 млн.тенге несие алу жоспарланып, 6 айда 13 шаруа қожалығы 177,17 млн.теңгеге несие алды, оның ішінде, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 13 жобаға 191,9 млн.теңге жоспарланған болса, бүгінгі күнге, жалпы құны 137,17 млн.теңге құрайтын 9 жоба мақұлданып, іске асырылды, «Аулие-Ата» несие серіктестігінен 4 шаруа қожалығы 40,0 млн.теңге несие алып, МІҚ -дан148 бас, қой-ешкіден 444 бас, жылқыдан 23 бас мал сатып алынды.
Бүгінгі күнге:
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар - 520 бас болса, орындалуы - 529 бас немесе 101,7%. 4 шаруа қожалығы («Байымбет-Баба»ш/қ 46,15 млн.теңгеге 269 бас, «Бөрібай» ш/қ 14,88 млн.теңгеге 115 бас, «Ажарқын» ш/қ 11,5 млн.теңгеге 65 бас, «Бөрі» ш/қ 13,8 млн.теңгеге 83 бас) 86,33 млн.теңге несие алып, 529 бас мүйізді ірі қара сатып алды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар- 2000 бас болса, орындалуы -959 бас немесе 48%. Берікқара ауылдық округіндегі «Бауыржан» шаруа қожалығы 8,38 млн.теңге несие алып, 959 бас қой малын сатып алды.
4 шаруа қожалығының («Қоңыр», «Тоқсанбай» «Сако», «Батай» ш/қ) 31,7 млн.теңгеге 1327 бас қой алуға құжаттары мақұлданды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар -180 бас болса, орындалуы -161 бас немесе 89,4%. 4 шаруа қожалығы 42,46 млн.теңге несие алып, 153 бие, 12 айғыр сатып алды. («Асқат», «Көмекші», «Байымбет-Баба», «Сыпабек» ш/қ). «Еламан» шаруа қожалығы 12,0 млн.теңгеге құжаттарын өткізді.
«Аулие-Ата» несие серіктестігі бойынша 4 шаруа қожалығы 40,0 млн.теңге несиеге 148 бас МІҚ, 444 бас қой, 23 бас жылқы сатып алды.
Шаруашылықтарды ірілендіру бойынша
2014 жылы 44 шаруа қожалығы 12 агроқұрылымға бірігіп, нәтижесінде,760 шаруа қожалығы болса (840), 2015 жылдың 6 айында 14 шаруа қожалығы бірігіп 5 шаруа қожалығына айналып, қорытындысында 746 шаруа қожалығы қалды.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау
Жыл басынан бері лизинг жүйесі бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы ар­қылы 3 шаруа қожалығы 6 ауыл шаруашылығы техникаларын алды (2 дана трактор, 1 шөп орағы, 1 шөп тайлағыш және 2 шөп артқыш). Одан басқа, нақты ақшаға 2 ауыл шаруашылығы техникалары (1 дана трактор, 1 дана шөп тайлағыш) сатып алынды. 3 шаруа қожалығы лизинг жүйесі бойынша 4 дана трактор сатып алатын болып шешілді.
Егін шаруашылығы бойынша
Аудан бойынша 2015 жылдың өнімі үшін 9893 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру белгіленіп, жоспар толығымен орындалды, 2014 

жылымен салыстырғанда, 135 гектарға артты.
Барлық егілген дәнді дақылдар 4778 гектарды қамтыды: (жоспар 4118 га, 116%), майлы дақылдар бойынша орналастырылғаны 600 гектарға (100%), картоп 115 гектарға (жоспар 50 га, 230%), бақша 300 гектарға (100%) және көкөніс 206,7 гектарға (жоспар 200 га, 103%) егілді.
Ауыл шаруашылығын субсидиялау
16 шаруа қожалығына 53,68 млн.теңге субсидия беріліп, 4 шаруа қожалығының 316 бас асыл тұқымды МІҚ малына 48,664 млн.теңге, 6 шаруа қожалығының 462 бас асыл тұқымды қой малына 1,585 млн.теңге, 5 шаруа қожалығының І-ІІ деңгейлі мал бордақылау алаңдарына өткізген 106 бас МІҚ малының бұқашықтарына 2,544 млн.теңге төленді.
44 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басым көпшілігіне ауыл шаруашылығы дақылдары егісі үшін барлығы 12,608 млн.теңге көлемінде субсидия бөлініп, құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.
Су шаруашылығы нысандары туралы
Аудан бойынша 9 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге 32,3 млн.теңге қажет. Биыл апатты жағдайдағы «Шабақты» әуітін жөндеуге 7 226,5 мың теңге және Қаратау қаласы жанындағы «Жартас» су қоймасының су құрылғысын жөндеуге 750 мың теңге бөлініп отыр.
Ветеринария жұмыстарына есепті мерзімінде барлығы 82,6 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде:
- эпизоотияға қарсы іс-шаралар жұмыстарын жүргізу үшін 45,0 млн.теңге жұмсалды. Жоспарлы диагностикалық жұмыстар барысында 13126 бас МІҚ малынан қан алынып, 13 бастың, 96277 бас уақ малынан қан алынып 909 бастың сарып (бруцеллез) ауруына оң нәтиже бергені анықталып, 13 бас МІҚ малы мал сою алаңдарында сойылып, жойылды. Бүгінгі күнге оң нәтиже берген 909 бас уақ малдың 839 басы арнайы мал соятын орындарға өткізілуде, қалған 70 басын жинастырып, өткізуге дайындалуда.
- Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағында орналасқан Үшарал, Кеңес ауылдық округтеріне осы аталған ауруға қарсы дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге облыстық бюджеттен 2,8 млн.теңге бөлініп, керекті дәрі-дәрмектер сатып алынып, аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринариялық шаралардың жоспарына сәйкес көктемгі жұмыстардың І және ІІ кезеңі аяқталып, ІІІ кезеңнің жұмыстары тамыз айында жүргізіледі. Оған жергілікті бюджеттен 5,6 млн.теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру (компьютерлік базаға енгізу) жұмыстарына 2,3 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта 675,0 мың теңгесі игеріліп отыр. Барлығы 21137 бас МІҚ, 293923 бас уақ мал, 6298 бас жылқы, 1398 бас түйе, 158 бас шошқа толығымен компьютерлік дерекқорға енгізілді.
Бостандық, Қызыләуіт ауылдық округтерінде биотермиялық (Беккери) шұңқыры іске қосылды, барлығы 5 Беккери шұңқыры бар (Қаратау қаласы, Бостандық, Үшарал, Ойық, Қызыләуіт ауылдық округтерінде). 3 мал сою алаңы жұмыс істейді (Қаратау қаласы, Бостандық, Ойық ауылдық округтерінде). Жұмыс істеп тұрған 14 ветеринарлық пункттерге 14 автокөлік тіркемелері алынып, берілді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға 1,6 млн.теңге бөлініп, оған 472 ит пен 21 мысық ауланып, жойылды.

Салықтар мен міндетті төлемдердің орындалуы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 104,5%-ға орындалды. Жоспар 688,7 млн.теңге болса, бюджетке нақты түскені 791,5 млн. теңге, немесе 30,8 млн.теңгеге артты. 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, (575,4 млн.теңге) өсу қарқыны 25,1%-ға көбейіп, немесе 144,1 млн.теңгеге артты.
Аудан халқының жан басына шаққандағы жалпы мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен салықтық емес түсімдердің көлемі 14,8 мың теңгеден айналады (2014 жылы- 10,9 мың теңге).
Республикалық бюджет 114,5 млн. теңгеге, немесе 102,6%-ға (2,9 млн.теңге), облыстық бюджет 205,5 млн.теңгеге, немесе 101,7%-ға (2,5 млн.теңге), аудандық бюджет 399,5 млн.теңгеге, немесе 106,2%-ға (24,4 млн.теңге) орындалды.
Аудан бюджеті
2015 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің кірістері бойынша жоспар 4 млрд. 363 млн.теңге болса, орындалғаны 4 млрд. 398 млн.теңге, немесе 100,8%-ға, өзіндік кірістер бойынша жоспар – 375,1 млн.теңге болса, орындалғаны 399,5 млн.теңге, немесе 106,5%-ға, трансферттердің түсімдері бойынша жоспар 3 млрд. 989 млн.теңге болса, оның түсімі 3 млрд. 998 млн.теңге, немесе 100,2%-ға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыстары 4 млрд. 313 млн.теңгені құрап, 97,9%-ға орындалды (2014 жылы 92,3%), яғни 92,9 млн.теңге игеріл­меді, оның ішінде: трансферттер есебі­нен 92,5 млн.теңге (95,3%) және аудандық бюджеттен 0,4 млн.теңге (100%).
Кәсіпкерлік саласы
2015 жылдың есеп­ті кезеңіне ау­данда шағын және орта кәсіпкерлік мәр­тебесімен ауданда 1236 субъекті тіркел­ген, олардың 1191-і немесе 96,4 пайызы жұмыс істейді.
Ауданда қазіргі уақытта 99 шағын кәсіпорын тіркелген (2014 жылы 99), оның жұмыс істейтіні 54 (оның ішінде белсендісі 33 немесе 61,1 пайызы).
1137 субъекті жеке кәсіпкерлікпен (2014 жылы 1132) айналысады (оның ішінде, 746 шаруа қожалықтар (2014 жылы 804)).
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4420 адам жұмыспен қамтылған (2014 жылы 4200 адам, өсім 105,2%), оның ішінде 1107 адам шағын кәсіпорындарда, 3313 адам жеке кәсіпкерлікте (2172 адам шаруа қожалығында) жұмыс істейді.
Есепті мерзімінде 2236,7 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, қызмет көрсетіліп, сауда айналымы жасалды, өткен жылмен салыстырғанда 103,2% немесе 69,9 млн. теңгеге өсті (2014 жылы 2166,8 млн.теңге).
Бюджетке 89,4 млн.теңге салық түсті (2014 жылы 86,5 млн.теңге,), өсу қарқыны 2,9 млн. теңге.
Бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет көрсету саласы
Ағымдағы жылдың 6 айында бөлшек сауда тауар айналымы 538,1 млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 135,8 млн.теңгеге ұлғайды (2014 жылы 402,3 млн.теңге). Жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымы 10,1 мың теңгені құрады (2014 жылы 7,5 мың теңге). Нақты көлем индексі 109,3%-дан 129,3%-ға дейін ұлғайды.
2,5 млн.теңгеге автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетіліп, 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 19%-ға өсті (нақты көлем индексі 113,1%).
Мейрамханалардың, барлардың, асханалардың дайын тағамдарын жеткізіп беру қызметінің көлемі 13,0 млн.теңгені құрап, 34%-ға өсті (нақты көлем индексі 123%).
Құрылыс саласы
Есепті мерзімде құрылыс жұмыста­рының көлемі 2,5 млрд.теңгені құрады, өткен жылымен салыстырғанда екі есеге өсті (2014 жылы 1,3 млрд.теңге). Аудан халқының жан басына шаққандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 47,6 мың теңгені құрады (2014 жылдың 6 айында - 23,9 мың теңге).
Аудандық бюджеттен қаржыланды­рылатын құрылыс саласындағы нысандарға есепті мерзімде 1млрд.158 млн.теңге бөлініп, игерілгені -1млрд.099 млн.теңге немесе 94,9%.
Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы саласы бойынша 7047,0 шаршы метр пайдалануға қабыл­дан­ды, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 87,0%-ға жетіп отыр.
Құрылыс саласы бойынша 3704,2 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжат­тары дайын, қаржыландыруды қажет ететін 39 жобалар бар.
Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық
Көріктендіру, көгеріштендіру көктемгі-күзгі айлықтарын жүргізуге есепті мерзімінде 73,7 млн.теңге қаралып, толығымен игерілді (ЖКХ – 46,6 млн.теңге, ауылдық округтер –27,1 млн. теңге), оның ішінде, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 13 ескерткішін абаттандыру және ағымдағы жөндеуге 37,4 млн.теңге.
«Таза-Қала» ШЖҚ МКК-не елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында 30,8 млн.теңге бөлініп, 100%-ға игерілді.
Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 16 сенбілік ұйымдастырылып, оған мекеме және кәсіпорын ұжымдарынан 5200-ге жуық адам қатысып, 21 арнайы техникалар жұмылдырылып, 1386 тонна қоқыс тиісті орынға шығарылды.
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
Ағымдағы жылдың наурыз айының 24 жұлдызында тұрған қатты дауылдың салдарынан қалада 7 көп қабатты тұрғын үйлердің және 2 мектептің шатыры ұшып кеткеніне байланысты, арнайы комиссия құрылып, облыстық төтенше жағдай қорынан 56,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашы­лығын 2011-2020 жылдарға жаңғырту» Бағдарламасы аясында 2015 жыл ішінде қайтарым қаражат есебінен 1 көп қабатты тұрғын үйдің инженерлік жүйесін жөндеу көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда қаламызда 128 кондоминиум нысаны тіркелген, екі пәтер иелері кооперативі жұмыс атқаруда.
Газдандыру
Аудандағы 23 ауылдық елді мекендердің 9-і газдандырылған немесе жалпы санынан 39,1%.
Аудандағы 8 елді мекенін газдандыру жұмыстарын аяқтауға (С.Шәкіров және Ойық ауылдар) республикалық бюджеттен 420,0 млн.теңге бөлініп, есепті мерзімінде 115,0 млн.теңге игеріліп, жұмыстар 80%-ға атқарылды.
Газ құбыры жүргізілген 8 елді мекендерде орналасқан 17 мекемелер мен кәсіпорындарды газдандыру жұмыстарына 82,9 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, сұраныс облыстық басқармаларға тапсырылды.
Электрлендіру
Талас ауданның электр желілерінің ұзындығы 809,858 шақырымды құрайды.
Талас аудандық электр жүйелері мекемесі есепті кезеңде 16,8 млн. кВт электр энергиясын тасымалдап, 296,6 млн. теңге төлемақы жинады (2014 жылы 147,8 млн.кВт және төлемақы 272,9 млн.теңге).
Жалпы 234,79 шақырым жоғарғы және төменгі кернеулік әуе желілерінің, 13,029 шақырым жоғарғы және төменгі кернеулік кабель желілерінің, сонымен қатар 48 дана трансформаторлық пункттердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Байланыс және коммуникациялар
Қаратау қаласы бойынша кеңжолақты интернет жүйесін жақсарту мақсатында, жалпы ұзындығы 5732,5 метр талшықты оптикалық кәбіл тартылып, 1 абоненттік қатынау мультиплексоры стансасы және 3 абоненттік қатынау шкафтары орнатылды.
Бостандық ауылында мәлімет тарату жүйесі үшін 60 нөмірлі WiМax стансасы орнатылып, абоненттер кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді.
Ойық ауылында кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз ету үшін DSLAM қондырғысы орнатылды.
Пошта байланысы
Ауылдық пошта бөлімшелері IP VPN жүйесіне қосылып, халықтың күнделікті төлемдер, айлық жалақы, еңбек ақыларын алуға толықтай жағдай жасалған.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында басылымға жазылу 93%-ды құрады (2014 жылы 88,3%).
Автомобиль жолдарын жөндеу
Аудан аумағындағы автомобиль жолдарын орта мен ағымдағы жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 144,1 млн.теңге бөлінді, атап айтқанда:
Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу:
- «Ақкөл-Қойгелді» 28-30 шқ, 45,885 млн.теңге, мердігер - «Тараз көлік жолы» ЖШС (директор Л.Батчаева), жұмыстар 80% атқарылды.
Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу:
-«Ойық, Ақкөл, Үшарал, Ұланбел» жолдары, құны 98,213 млн.теңге, мердігерлер - «Қаратау жолдары», «Көпбосын», «Талапкер құрылыс» ЖШС-рі, жұмыстар 100%-ға атқарылды.
Аудандық мәндегі жолды орта жөндеу:
Ауыспалы нысан «Кеңес (Бөлтірік шешен) ауылына кіре беріс» 0-23+150 шқ. автомобиль жолын орташа жөндеу. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-мен жалпы, 305 075,7 мың теңгеге келісім шарт жасалынды, оның ішінде, 2015 жыл­ға - 206 730,0 мың теңге, 2016 жылға -98 345,7 мың теңге. Жұмыстар 62%-ға атқарылды.
Еңбек нарығы және әлеуметтік саласы
Халық саны 815 адамға өсіп (2014 жылдың 6 айында - 52673 адам), кезең соңында 53488 адам болып отыр. Халықтың табиғи өсуі 2014 жылы 32,8%, 2015 жылы 37,5%-ды құрады.
Орташа айлық жалақы көлемі егер 2014 жылы 57385 теңгені құраса, есепті жылы 60919 теңгеге жетіп, өсім 6,2% болды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 17342 теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17321 теңге) 0,1%-ға көтерілді. Демек, жалпы инфляция деңгейінен әлдеқайда төмен.
Аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,3 пайызды құрады (2014 жыл 0,6), облыс бойынша 0,5 пайыз. Аз қамтылған отбасылардың саны 77 отбасы -175 адам (қалада 159, ауылда 16 адам).
Ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету жалғасуда.
Аз қамтылған отбасыларындағы 8588 тұрғынға 68,0 млн.теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 57 отбасындағы 267 адамға 2,1 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 1189 отбасындағы 3561 балаға 38,0 млн.теңге, тұрғын үй көмегімен 1032 отбасындағы 4760 адамға 27,9 млн.теңге).
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарла­масына сәйкес 25,1 млн.теңге жұмсалды (70 мүгедектерге 67 жеке көмекші қызметін көрсету үшін 4,7 млн.теңге, ымдау тілінің маманына 153,0 мың теңге, үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 9,2 млн.теңге, үйде оқитын 42 мүгедек балалардың материалдық көмегіне 899,0 мың теңге, 144 мүгедекке 51840 дана гигиеналық құралдарын алуға 10,1 млн.теңге, 18 мүгедекке 22 кресло арба және 3 мүгедекке протездік – ортопедиялық бұйымдар берілді, 70 санаторлық ку­рорт­тық жолдама таратылды, облыстық басқарма арқылы 14 мүгедек барып ем қабылдады, 10 мүгедекке 28 құрал берілді (таяқ, магнитола, плеер, диктофон).
«9 мамыр-Жеңіс күніне» орай, барлығы-республикалық және жергілікті бюджеттен 21,8 млн.теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді (оның ішінде, 10 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен 100,0 мың теңгеден және жергілікті бюджеттен 50 мың теңгеден, 50 қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің қайтадан некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) республикалық бюджеттен 25,0 мың теңгеден және жергілікті бюджеттен 30 мың теңгеден, 413 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және кемінде алты ай еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне республикалық бюджеттен 25,0 мың теңгеден және жергілікті бюджеттен 15 мың теңгеден).
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске -70 жыл» бірыңғай мерекелік медалі аудан бойынша 426 азаматтарға берілді, оның ішінде, 10 ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, 416 тыл еңбеккерлері бар.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жол белгісін орнатуға 1938,0 мың теңге және 6 мекемелерге пандус орнатуға 4,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Уәкілетті органға «жұмыс іздеуші» ретінде 1157 адам өтініш білдіріп, 1232 адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар - 940 (оның ішінде бос жұмыс орыдарына 789, жастар тәжірибиесі бойынша - 85, әлеуметтік жұмыс орындарына - 66), қоғамдық жұмыстарға 283, 9 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 81,9 пайыз құрады, жоспар бойынша 75,0 пайыз. Ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны –240.
2015 жылдың 6 айында 679 жаңа жұмыс орындары, оның 272 тұрақты және 407 маусымдық жұмыс орындары ашылды. Жоспар бойынша 180 тұрақты жұмыс орны ашылуы тиіс.
Әлеуметтік қолдау шараларына 44,1 млн.теңге жұм­салды («Жастар тәжірибиесіне» 6,5 млн.теңге, «Қоғамдық жұмыстарына» 35,0 млн.теңге, әлеуметтік жұ­мыс орнын құ­ру­ға 2,6 млн.теңге).
Аудан бой­ынша 1 бос жұ­мыс орындар жәр­меңкесі өткізілді, оған 69 бос жұмыс орын­дары бойынша қатысқан 80 адамның 6-ы қоғамдық жұмысқа, 10-ы «Жастар тәжірибесіне», 29-ы тұрақты жұмыс орынына жолдама алды. Барлығы: 45 адам жұмыспен қамтылды.
Денсаулық сақтау саласы
«Саламатты Қа­зақстан» мем­лекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жылдан жылға өсуде. 2015 жыл­дың 6 айын­да рес­­публикалық және облыстық бюджеттен 401,5 млн.теңге бөлініп, то­лы­ғымен иге­рілді.
Аудан тұр­ғындарына ме­дициналық ем­деу-алдын алу кө­ме­гімен 153 төсектік аудандық орталық аурухана, аусымында 620 адам қабылдайтын емхана, 7 дәрігерлік ам­була­тория, 6 фельд­шерлік аку­шер­лік пункт, 13 медпункт қызмет көрсетеді. Онда 88 дәрігер мен 371 орта буынды медицина қызметкерлері халыққа қызмет етеді. Дәрігерлермен қамтылуы- 95,5%.
Аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы күндізгі 15 төсектік аудан тұр­ғын­дарына емдеу және дис­пансерлік сауық­тыру жұмыстарын жүргізеді. Онда 4 дәрігер, 11 медбике қызмет көрсетуде. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек ретінде 80 науқасқа 40 мың теңгеден, барлығы 3,4 млн.теңге бөлініп, 6 айында 60 адамға 1,5 млн.теңге төленді. Қаратау қаласындағы «Бәйтерек» балабақшасында туберкулез дертіне шалдыққан аудан тұрғындарымен бірге болған балаларды сауықтыру үшін 25 төсектік тәуіліктік санаториялық топ ашылып, жергілікті бюджеттен 1,7 млн.теңге жұмсалды.
2015 жылдың 6 айында ана өлімі тіркелмеді.
8 бала өлімі тіркелген (2014 жылы 5). Туылған 1000 балаға шаққанда бала өлімі көрсеткіші 17,9 құрап отыр (2014 жылы 10). 5 бала облыстық перинатальдық орталығында, 1 бала облыстық инфекциялық ауруханасында, 2 бала аудандық орталық ауруханада қайтыс болған. Қайтыс болған себептері:
- аз салмақты, туа біткен ақаулар, іштен туылған инфекцияларымен бала­лар дүниеге келіп 3-ші деңгейіне, яғни перинатальдық орталығына дер кезінде жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.
- туа біткен жүрек ақауы, кеш көрингеннен қайтыс болған.
- нейрохирургияға квотамен жіберіл­ген (диагнозы - тяжелая спинномозговая грыжа), алайда жолда суықтап қайтыс болған.
Туу көрсеткіші 6,3 тен 5,1 ге дейін кеміген, оған себеп ауданда туудың кемуі (2014 жылы 527 бала туылды, 2015 жылы -496). Ал, өлім көрсеткіші 0,2-ге жоғарылаған.
Өлім көр­сет­кіштері бойынша алдың­ғы қатардағы орында жүрек қан тамыр жүйесі аурулардан қайтыс болғандар – 26,9% (жоғарлау себебі- қарттық аурулармен қайтыс болғандардың осында кіруіне байланысты), екінші орында қатерлі ісік аурулардан қайтыс болғандар - 15,7%, үшінші орында бас ми қантамырлар аурулары – 14,6% және басқалар – 12,3% құрап отыр.
Түберкулезбен аурушаңдық 2015 жылдың 6 айында жоғарлаған, барлығы – 22 адам (100 мың түрғынға шаққанда 41,2 кұрап отыр). 2014 жылы бұл көрсеткіш - 21 болған (100 мың түрғынға шаққанда 39,4 кұрап отыр). Тіркеуде 83 адам тұр (2014 ж 83 адам). Есепті мерзімінде 3 өлім тіркелген (2014 жылы 1 өлім).
Жалпы құны 1,1 млрд.теңгені құрайтын, аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік аудандық емхана құрылысы соғылуда (мердігер ТОО «Корпорация Жилстрой Тараз»). 2014 жылы облыстық бюджеттен 5180,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. 2015 жылы республикалық бюджеттен 338846,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 41833,0 мың теңге, барлығы: 380679,0 мың теңге бөлініп, есепті мерзімде 376924,0 мың теңге игерілді.
С.Шәкіров ауылындағы ауысымына 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын салу нысанының жобалық-сметалық құжат­тары мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 1322,0 мың теңге және Қараой, Сейілбек ауылдарындағы ауысымына 5 келушіге арналған медпункт салу бойыша 2,6 млн.теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Білім беру саласы
Ауданда 1 жоғары оқу орны (124 білімгер, 4 колледж (1312 оқушы), 36 мектеп (7994 оқушы), 19 балабақша (1970 бала), 18 шағын орталық (725 бала), 5 мектептен тыс мекеме, “Үміт” қимыл-тірек аппараты бұзылған балалардың мектеп-интернаты және “Ведомстоваралық-психологиялық-медициналық-педагоги­калық консультациясы” бар.
2015 жылдың есепті мерзімінде ау­дан­дық бюджеттен білім саласына 1741,1 млн. теңге бөлініп, 1720,6 млн. теңге игеріліп, немесе 98,8%-ға орындалды.
Мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі - мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру.
Барлығы 1-11- сынып аралығындағы 7994 оқушыдан аз қамтылған, күн көрісі төмен, жетім, жартылай жетім отбасының балалары - 2065 оқушыны толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 175974,8 мың теңге қаралып, жоспар бойынша 6 айында 50162,5 мың теңге толығымен игерілді. Балаға белгіленген бір мезгіл ыстық тамақтың орташа құны 230 теңгені құрады.
Жоба құны 411,5 млн.теңгені құрай­тын апатты жағдайдағы Есейхан ауылындағы 120 орынға арналған ор­та мектеп салынуда (мердігер «КазПромСтандартСтрой» ЖШС, директоры М.Мырзаханұлы). 2015 жылға бөлінген 100,0 млн.теңге толығымен игеріліп, қосымша қаражат бөлуге сұраныс облыстық тиісті басқармаларға жолданды.
Қараой ауылындағы 50 орындыққа арналған негізгі мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары мем­лекет­тік сараптамадан өтіп, сұраныс облыстық білім басқармасына берілді. Қасқабұлақ ауылындағы 120 орындыққа арналған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттаманы әзір­леуге (байланыстыру) облыстық бюджеттен 7,0 млн.теңге бөлініп, жобалау жұмыстар жүргізілуде (мердігер «Тараз-технопроект» ЖШС), жобалық құжаттар қараша айында дайын болады.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарла­масы аясында 49 188,8 мың теңгеге 4 мектебінің жылу жүйелерін жөндеуге келісім-шарттар жасалынып (оның ішінде Көктал ауылындағы М.Жұмабаев 7078,4 мың теңгеге, С.Шәкіров ауылын­дағы Ш.Смаханұлы 12152,2 мың теңгеге (мердігер «CONDOR KZ» ЖШС), Ойық ауылындағы Д.А.Қонаев 20886,0 мың теңгеге (мердігер «Hi-TEC KAZAHSTAN» ЖШС), Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебіне 9072,2 мың теңгеге (мердігер «Әль-Мансур» ЖШС) жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа оқу жылына және жылыту маусымы дайындығына аудандық бюд­же­тінен 16 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Бүгінгі күнде Қаратау қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебіне дейін 65 оқушыны тасымалдап оқытуға аудандық бюджеттен 969,0 мың теңге бөлініп, игерілді.
Аудан бойынша 36 мектептің бар­лығы интернет желісіне қосылған. А.Байтұрсын­ұлы атындағы гимназия, Ақкөл, Д.Қонаев атындағы орта мектептерінде электрондық оқыту порталы орнатылып, 3,5 млн.теңге бөлінді.
22 мектепте 68 интерактивті тақталар орнатылған. Жалпы компютерлер саны 1030 дана (1 компьютерге 8 баладан келеді).
Мектепке дейінгі білім беру меке­мелерімен қамтамасыз етілген балалар саны 2695, қамтылу деңгейі 68,5%.
Кезектегі екі жастан жоғары балалар саны – 772, қалада – 720, ауылдарда – 52, сол себепті, Қаратау қаласында 280 және 140 орындыққа арналған балабақшалар салу жоспарлануда.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы
2014-2015 оқу жылында аудан бойын­ша 27 орта мектептің барлығында 11 сыныпты 351 оқушы бітірсе, оның ішінде, ұлттық бірыңғай тестілеуге 299-ы, яғни 85,1% қатысты (2014 жылы 84,5 %).
Аудан бойынша орта балл – 80,4 құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 балға жоғары (2014 жылы 73,1). Облыстык орташа балы 78,6-ны құрады (2014 жылы 72,5).
«Алтын белгіге» ұсынылған 20 оқушының 12-і (60 %) өз білімдерін 

дәлелдеді.
Тасымалдауға, жатын орынмен қамтама­сыз етуге және тамақтандыруға аудандық бюджеттен 1,7 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуы
Аудан бойынша 36 мектепте 1-10 - сыныптарда оқитын 7643 оқушының 6497 (85%) жазғы сауықтыру шарала­рымен қамтылып отыр.
«Жұрындысай» балалар сауықтыру лагеріне баратын 400 оқушыға жергілік­ті бюджет есебінен 5938,5 мың теңге қарастырылған (2014 жылы 4,2 млн.теңге). Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымы атынан 15 балаға 50% жеңілдікпен «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагеріне жолдама бөлінген. Лагерьге асхана жабдықтарын сатып алуға 178,6 мың теңге, жылу жүйелерін жөндеуге 884,0 мың теңге, 1 160,4 мың теңге қажетті құрал-саймандар сатып алуға бөлініп, толық игерілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 666,9 мың теңге бөлініп, көгеріштендіру жұмыстары мен төңіректерін тазалау және жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мәдениет саласы
Аудан бойынша барлығы 40 меке­ме қызмет көрсетеді (Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубы, І.Жансүгіров атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сі, балалар кітапханасы, 18 ауыл­дық кітапхана, мәдениет кешені және мұражай).
Есепті мерзімде мәдениет саласын қаржыландыруға аудандық бюджеттен 127,7 млн.теңге бөлініп, 100%-ға игерілді (2014 жылы 102,1 млн.теңге).
Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 13,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде ,кітап қорын ұлғайтуға 3,5 млн.теңге, ауылдық мәдениет ошақтары мен кітапханаларын компьютерлік техника және қажетті өндірістік құралдармен қамтамасыз етуге 10,3 млн.теңге бөлінді.
Есепті мерзімінің қорытындысы бойынша, кітап қоры -278854 дана, оның ішінде, мемлекеттік тілде 134366 дана кітап болса, оқырман саны 8910-ды құрады.
Тілдерді қолдану мен дамыту мақсатында, аудандық бюджеттен 800 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарла­масы аясында Бостандық және Қасқабұлақ ауылдық мәдениет ошақтарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 21,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде және Қаратау қаласындағы орталық мұражай ғимаратына 14,8 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-ің демеушілік көмегі есебінен Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығын күрделі жөндеуден өткізу үшін 292,5 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жастар саясаты
Ауданда жасы 14 тен 29 аралығындағы жастардың саны 14814-ке жетіп, бүкіл аудан халқының 27,7 % құрап отыр (ауылда - 6994 , Қаратау қаласында - 7820).
Жұмыспен қамтылғаны 1635 бала.
Дін мәселесі
Жалпы аудандағы 18 мешітте 15 имам қызмет атқарады. Оның ішінде 1-і жоғары білімді, 13-і орта білімді. Жыл сайын яғни, 2013-2014 жылдары облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде ауданымыздың 14 имамы оқу семинарларына қатысып, өз білімдерін жетілдіріп отыр.
3 мешітте кадрлар жетпеуіне байланысты имамдар жетіспей отыр. Осыған байланысты медресе және жоғарғы діни оқу орындарын бітіретін түлектерге Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» орталық мешітіне ұсыныс жіберілді. Бұл мәселе тиісті шешім табылуы күтілуде.
Тоқсан сайын діни ахуалдың жағдайын анықтау мақсатында ауданда сауалнамалар жүргізіліп отырады.
Дене шынықтыру және спорт саласы
Ауданда дене шынықтыру және спорт­пен жүйелі түрде 13106 адам шұғылданады (24,6%). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3 % пайызға артты. (өткен жылы 12 340 адам).
Спорттық іс-шараларды өткізуге және жарысқа қатысуға есепті мерзімде аудандық бюджеттен 7,1 млн.теңге бөлініп, толық игерілді (2014 жылы 6,7 млн.теңге).
83 спорттық іс-шаралар өткізіліп (12 республикалық, 14 облыстық және 57 аудандық), оған 6 893 адам қамтылды.
Құқық қорғау саласы
Есепті кезеңде 174 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда 25 қылмысқа немесе 16,8%-ға жоғарылаған (2014 жылы 149 қылмыс). Соның ішінде ауыр қылмыстар саны 15 (2014 жылы 10), аса ауыр қылмыстар саны-7 (2014 жылы 1).
Қылмыстың ашылуы 67,7%-ға дейін жоғарылаған (2014 жылы 27,1%), ауыр қылмыстар 80,0%-ға жоғарылаған (2014 жылы 58,3%), аса ауыр қылмыстар ашылмаған (2013 жылы 100,0%).
Қылмыс түрлеріне келетін болсақ, 82 ұрлық қылмысының (2014 жылы 85) ашылуы 55,4%-ды құрады (2014 жылы 33,9%), оның ішінде, 21 пәтер ұрлығының (2014 жылы 14) ашылуы -85,0% (2014 жылы 70,6%), 28 мал ұрлығының (2014 жылы 28) ашылуы -33,3% (2014 жылы 17,2%).
Ауданда саяси ахуал тұрақты.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалары
«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейін» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендердегі саябақтар мен орталық көшелерді абаттандыруға, жолдарға шағал төсеуге, балалар ойын алаңдарын орнатуға және стадионды жөндеуге 22,8 млн.теңге қарастырылып, қазіргі таңда 9 ауылдық округтер бойынша жұмыстар аяқталып, 4 ауылдық округ бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла­масы аясында 708 азамат жұмыспен қамтылды (жылдық жоспар 1232).
Бағдарламаның І-ші бағытындағы “Инженерлік-коммуникациялық әлеу­мет­тік инфраструктураларды және ауыл­дық елді мекендерді кеңейту бойынша” 90,8 млн.теңге қарастырылып, жалпы бөлінген 32 жұмыс орнына жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы 20 азамат жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның ІІ бағытындағы ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы 19 азаматқа 56 981,0 мың теңге қаралып, 18 азамат 42,0 млн.теңгеге несие алды.
25 әлеуметтік жұмыс орындарына 962,5 мың теңге бөлініп, толығымен төленді (айлық жалақы 50,0 мың теңге), бөлінген 5,4 млн.теңгеге «Жастар тәжірибесі» мамыр айынан басталған (айлық жалақы 35,7 мың теңге).
Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына 58 азамат жұмысқа тартылды.
«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 246,0 млн.теңгеге Қаратау қаласындағы 64 пәтерлі тұрғын үй сатып алынып, қоммуналдық тұрғын үй қорына берілді
Бүгінгі күнге аудан бойынша 1144 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебiне тіркелген.
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойын­­ша 61 отбасындағы 329 адамға 4365,7 мың теңге тағайындалып, 2750,3 мың теңгесі төленді.
“Ақбұлақ” бағдарламысы аясында аудандағы 24 елді мекендердің (Қаратау қаласын қосқанда) 14 елді мекені (58,4%), тұрғындардың 82,5%-ы (44122 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылдық округтер халқының 24963 адамының 62,5%-ы (15597 адам) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, қалғаны 37,5%-ы (9366 адам) құдық суларын пайдалануда.
Жоба құны 347,0 млн.теңгені құрайтын Ақкөл ауылына 10,3 шақырым нүктесінен бактериологиялық та­зар­ту ғимаратына дейінгі сыртқы су жүйесінің құрылысын салу нысанына 2015 жылы 147,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Луговойский конный завод» ЖШС).
Ақкөл, Бостандық, Аққұм, Талапты, Тамабек, Бөлтірік, С.Шәкіров, Үшарал, Көшек елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ұстау шығындарына «Талас таза-су» мекемесі арқылы 24,2 млн.теңге, Тамды ауылы бойынша «Аянәлі сауда” мекемесіне 4,5 млн.теңге және Қаратау қаласы бойынша істеп тұрған су жүйесіне «Игілік» мекемесі арқылы 11,8 млн.теңге, барлығы аудандық бюджеттен 40,5 млн.теңге бөлініп (жылдық жоспар 49,4 млн. теңге), толығымен игерілді.
«2012-2020 жылдарған арналған Моноқалаларды дамыту» бағдарлама­сын іске асыруға 2015 жылы барлығы 622,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде:
- Қаратау қаласындағы 3 көшені қайта жаңғыртуға 111,1 млн.теңге және 7 көшені газдандыруға 90,1 млн.теңге. Жобаларды іске асыратын мердігерлер «БақНұр-І» ЖШС мен «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС.
- бос тұрған 20 апатты жағдайдағы көпқабатты тұрғын үйлерді бөлшектеп бұзуға 200,0 млн.теңге және “Кеншілер” саябағын абаттандыруға 69,2 млн.теңге бөлініп, тиісінше 155,7 млн.теңгеге және 53,5 млн.теңгеге жұмыстар атқарылды.
- Жалпы сомасы 519,0 млн.тенгені құрайтын 23 әлеуетті жобалардан 141,0 млн.тенгенің 8 жобасы банктерден оң шешімін алды. Осы жобаларды іске асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 78,1 млн.теңге бөлініп, 14 жоба іске асырылды.
- Кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 67,3 млн. теңге бөлінді.
- Жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру 7,0 млн.теңге жоспарланып, 2,5 млн.теңгесі былтыр асырылып, төленбей қалған жобаға аударылды.
Моноқаланы жаңғырту аясында, басқа бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:
- кәріз су жүйелерін қайта құрылым­дауға 2013-2015 жылдары 1501,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталуда. Нысан бойынша 40,7 шақырым құбыр тартылып, құбыр тарту жұмыстары 100 пайыз-ға аяқталды;
- ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша 2013-2015 жылдары 3,4 млрд.теңге бөлініп, нысан бойынша 168 шақырым құбыр тар­тылып, жұмыстар ағым­дағы жылдың 4-тоқса­нына толық аяқталады;
- қаланың әлеуметтік нысандарын сумен жаб­дық­тау жүйесіне 25,0 млн.теңге және су бұру жүйесінің құры­лыс нысандарын ЖСҚ әзірлеуге жә­не мемлекеттік сарапта­мадан өткізуге 15,0 млн.теңге, барлығы 40,0 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленуде. Келісім-шарт бойынша аяқталу мерзімі - биылғы жылдың тамыз айы;
-кәріз және су желілері құбырларын жаңғырту жұмыстарын жүргізуге байла­нысты қаланың 102 көшесіне (86,36 км. жол қабаты, жол бойындағы 37 км. бетондық суағар) жөндеу жұмыстары қажет. Осыған байланысты қаланың 12 көшесін (7,9 шақырым) орташа жөндеуге, жалпы құны 151,9 млн.теңге, 3 көшені қайта жаңғыртуға 1172,4 млн.теңге, 7 көпірді қайта жаңғыртуға 191,6 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленді. Сонымен қатар, қосымша көше жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 5,2 млн.теңге бөлініп отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарла­масы бойынша 2015 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 18 маманға (6-білім, 8-денсаулық сақтау, 2-ветеринария, 1-мәдениет, 1-спорт) 6866 мың теңге көтерме жәрдемақы, 4 маманға - 11892 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін несие бөлінген.
Ағымдағы жылдың 6 айында 9 маман­нан (білім беру саласының -4, ветеринария-4, спорт саласы -1) өтініш түсіп, 9 маманға көтерме жәрдемақы үшін 1250,0 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін 2 маманға 5 909 мың теңге берілді.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер, арыз-өтініштермен, кадрмен жұмыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 59 түрі бойынша 2015 жылдың 6 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғаларға 18295 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 11 түрі бойынша 4223 қызмет халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімімен көрсетілген, ал тікелей мемлекеттік мекемелерде және электрондық үкімет порталы арқылы 14072 қызмет көрсетілген.
Есепті мерзімде аудандық «Талас тынысы» газетіне 7 мақала жарияланды және Халыққа қызмет көрсету орта­лығы­ның қызметкерлері және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 1 семинар- кеңес өткізілген.
Жыл басынан бөлімге жоғары органдармен, арыз – өтініштердің Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген тәртіппен қаралуы және орындалуы бақылауға алынған. Есепті мерзімде 3785 кіріс қызметтік хат, жеке тұлғалардан 482 өтініш, заңды тұлғалардан 235 өтініш түсті, шығыс хаттар саны 2117. Жеке сұрақтармен 122 азамат қабылданып, оларға толық жауап берілді.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 181, нақты жұмыс атқарып отырғандары – 162, оның 46-ы әйелдер. Аудан бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар саны - 18.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық­қа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» №308 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы №324 қаулысымен ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылуда.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдың есепті мерзімінде 3 мем­лекет­тік қызметкерлерге қарсы 5 сы­байлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер қозғалған.
Ағымдағы жылдың 5 айында ауданда сыбайлас жемқорлық сипаттағы 6 құқық бұзушылық фактілері үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.