Еңбегіміз еш болуда

http://turizm-hit.ru/

Біздер, Тамды ауылдық округіне қарасты бір топ шаруа қожалықтарының өкілдері, қазіргі біздің басымыздағы жағ­дайдың ауданымыздағы бірқатар елді мекендерге де тән екендігін ескере отырып Қаратау қаласы мен ауыл аймақ­тарда тұратын мал иелеріне айтар өкпе-ренішіміз бен уә­жі­­мізді ауданымыздың айнасы саналатын төл газетіміз ар­қылы жеткізгелі отырмыз.

«Ақшұқыр» егістік алқабында орналасқан бірқатар ша­руа қожалықтары соңғы жылдары жекелеген азаматтардың жекеменшік жылқыларынан әбден зардап шегіп келеді. Түнгі мезгілде қараусыз қалған жылқылар бау-бақшамыз бен жоңышқалықтарымызға барынша зияндарын тигізуде.
Жаз бойғы төккен теріміз бен еткен еңбегіміздің жемісін көреміз деген ниетіміз бос әурешілік болды. Өнім алып, табыс табамыз деп жүргенде жұмсаған шығындарымыздың да орнын толтыра алмайтын түріміз бар.
Егесіз шағын үйірлі жылқыларды айтпағанда Жәке­жанов, Нұрболтаев, Шаханов сынды тағы да басқа азамат­тардың малдары маза бергенді қойды.
Біздің де ілгергі күннен үмітіміз бар, ал әзірге еңбегіміз­дің өтеуі осы ғана болып тұр.
М.Аханов, «Көктөбе» шаруа қожалығы,
С.Әбдірахманов, «Ырысты» шаруа қожалығы,
Б.Турешов, «Ақбаян» шаруа қожалығы,
С.Саулимбаев, «Бүрлібай» шаруа қожалығы,
Ж.Махашова, «Қадірқұл» шаруа қожалығы.