Жастар жаһандық үдерістерге дайын

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, «Талас тынысы» 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 6 мамыр­дағы Үкіметтің кеңейтіл­ген отырысында бес институ­ционалдық реформаны жүзеге асыратын 100 нақты қадамды белгіледі.

Елбасының бұл баршаға арнаған Ұлт жоспары қазіргідей аумалы-төкпелі, әлемді дағдарыс дендеген шақта жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде, сондай-ақ, күрделі кезеңнен сеніммен шығып, мемлекеттілігімізді нығайтуға бағытталған бірден-бір нақты қадам. Халықтың назарына ұсынылған аталмыш бағдарламаны насихаттау, оның аясында іс-шаралар ұйымдастыру, қарапайым халыққа түсіндіру жұмыс­тары қазіргі таңда рес­пуб­ликаның барлық аймақ­тарында қарқынды жүргізілуде. Аудан аумағында бүгінге дейін «Талас жастар орталығы» КММ-сі мен «Жас Отан» жастар қанатының бел­сенді жастарының ұйымдас­тыруымен көптеген кездесу­лер, жиындар өткізіліп, өз нәтижесін беруде.
Аудандық орталық ауруханада денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында осы Елбасы ұсынған Ұлт жоспары-«100 нақты қадам» төңірегінде кеңінен сөз қозғалды. Жиынға негізінен денсаулық сақтау саласының жас мамандары қатысты. Кездесуді «Талас жастар орталығы» КММ-сінің консультанты Бекзат Әсембеков ашып, осы бес институционалдық реформаның елімізде 100 нақты қадам бойынша қалай жүзеге асып жатқандығы жайында, денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайында әңгімеледі. Бұдан соң «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағлан Сұлтанбектің аталмыш тақырып төңірегінде жасаған баяндамасы тыңдалды.
Басқосу соңында «Талас жастар орталығы» КММ-нің консультанты Бекзат Әсембеков жиналғандарға бағдарламамен толық танысу жайында ұсыныс білдірсе, аудандық орталық аурухана бастауыш партия ұйымының төрағасы Ерлан Сейдакбаров жастарды белсенділікке шақырды.