Мейірім жандар мейірімге бөленді

http://turizm-hit.ru/

10 қа­зан-Мүге­дектер күніне орай қаламыздағы №3 қарттар мен мүге­дектер интернат үйінде есте қаларлықтай әсерлі іс-шара бо­лып өтті. Онда осындағы қызмет алушы мүгедек жандар спорттық ойындардың әр түрінен сайысқа түсті.
Шара алдында мекеме директоры Алтынхан Райымбеков пен лицейдің өнерпаз оқушыларын бастап келген ли­цей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауан Асқаров сөз сөйлеп, мүгедек жандар қоғамның тең құқылы азаматтары екенін, олар қашан да басты назарда болатынын баяндап, ақ тілектерін жеткізді.
Ал, қызу спорттық тартыста қол арбамен 60 метрлік қашықтыққа жарысуда Лес Молдахметов, дойбыдан Андрей Абдуллин, шахматтан Асқар Жайсаңбеков пен Сайлау Рысбаев өзгелерден дараланып көзге түсті.
Бұл күні Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары 7 мүгедек жанға өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын сыйға тартса, М.Әуезов атындағы орта мектеп пен лицей оқушылары қарттар мен мүгедек жандарды әсем әуен бесігінде тербеп, сыл­қым күйдің күмбіріне бөледі.
“Қарттарыңа қарайлап, кемтарыңды де­мей жүр”-деген ұлы қазақ халқының адал ұрпақтары екенін көрсете білген жас өнерпаздар мен қолөнер бұйымдарын тарту еткен білікті өрендерге деген риза­шылықтарын жасыра алмаған қыз-­мет алушылар оларға толқынысты күйде ақ баталарын берді.
Мақпал Абаева,
№3 қарттар мен мүгедектер интернат үйінің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы.