Балабақшаның тәрбиешісі сот шешімімен жұмысқа қайта орналастырылды

http://turizm-hit.ru/

Талас аудандық сотының судьясы Ж.Б.Жақсылық 2015 жылдың қараша айының 17 жұлдызында талап қоюшы Е.Э-ның жауапкер Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Астана» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына берген, тәртіптік жаза қолдану туралы және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың күшін жойып, жұмысқа қайта алу, лажсыз бос жүрген күндеріне орташа айлық жалақысын өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша, талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешімін жариялады.


Сотта істі қарау барысында жұмыс берушінің «Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54-бабының 1-бөлігі 13-тармақшасын басшы­лыққа алып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамағаны үшін» деп еңбек шартын бұзып, жұмыстан шығаруға ешқандай заңдық негізі болмағаны анықталды. Сонымен қатар, «сөгіс» беру, «қатаң сөгіс» беру, жұмыстан бостату туралы бұйрықтары да заңға сай шығарылмағаны анықталып, бұйрықтардың күші жойылып, талап қоюшыны жұмысқа қайта алу туралы, лажсыздан бос жүрген уақытына орташа айлық жалақысын өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы шешім етілді.
Істі қарау барысында көптеген кемшіліктер анықталып, Талас ауданы білім бөлімінің атына және Талас ауданы кәсіподақ ұйымының атына жеке қаулылар шығарылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.