Шет елдерден келіп білім алуда

http://turizm-hit.ru/

Сейсенбі күні қаламыздағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің А.Шейн атындағы дәріс залында шет мемлекеттен жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындыққа келген тыңдаушылармен кездесу өтті.

 

Кездесуге Тараз мемле­кеттік университетінің бірін­ші проректоры – тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Абдуалы, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Садубаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас­шысы Ж.Жақсылық, аудан­дық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Е.Рысқұлбеков, аудан әкім­дігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі М.Атен және «Талас жастар орталығы» КММ-сі директорының орын­басары Ғ.Тоқмырзаев қа­­тысты. Кездесу шет мем­лекеттен келген тыңдау­шыларға мемлекеттік сая­сат­тың негізгі құндылық­тарын түсіндіру, шет мем­лекеттегі қандас бау­ыр­лардың ұрпағының білі­­мін жетілдіріп, олардың еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсуіне ық­пал ету мақсатында ұйым­дастырылды. Бүгінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан ашылған жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық бөліміне Өзбекстан Респуб­лика­сынан 61, Түркменстан Республикасынан 17, Қытай Халық­тық Республикасынан 3, Қырғызстан Республика­сынан 1 тыңдаушы келіп білім алуда.
Кездесу барысында жо­ғар­ғы оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің басшысы М.Таубаев тыңдаушыларға қонақтарды таныстырып, дайындық курсының негіз­гі бағыты жайында түсін­дірме жұмыстарын жүр­гізді. Сонымен қатар, жиын­ға қатысушылар әр­бір сала бойынша кел­ген тыңдаушыларға өз тарап­тарынан берілетін көмектер жайлы әңгімеледі және ауданда өткізілетін мәдени көпшілік шараларға белсене араласуға шақырды.