Елбасы және Ассамблея

http://turizm-hit.ru/

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Жас мемлекетіміздің қарыштап алға басуы үшін көпұлтты мемлекет болғандықтан басқа этнос өкілдерінің басын қосатын, ұйымшылдыққа ұйыс­тыратын, ымырасыз ынтымақтасатын ұйымның керектігін 1992 жылы Қа­зақстан халқының бірінші форумында сөз еткен Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы Қазақстан халқы Ассам­блеясын құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Міне, содан бері уақытты артқа тас­тап, 20 жыл өтті. Елбасы бастамасымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассам­блеясының жылы болып жарияланып, барлық өңірде оның төл Туы көтеріліп, желбіреп тұрды.
Күні кеше қаламыздағы “Же­ңіс” алаңында Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдығына орай “Үлкен ел-үлкен отбасы” атты кең көлемде форум өтті.
Жиылған көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Се­рік Ералыұлы Дадабаев Ассамблея­ның мәні мен мағынасына, мемлекет дамуындағы рөліне тоқтап, аудандағы этно-мәдени орталықтардың тыныс-тіршілігінен де мағлұмат беріп өтті.
Келесі кезекте сөз алған аудан арда­герлері кеңесінің төрағасы Тыныс­бек Сейдуанов, славян, неміс этно-мә­дени орталықтарының жетекшілері Свет­лана Стрижова мен Валерий Рихтер, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыс­тық филиалының жауапты қызметкері Ұлтуар Бабақұлова да осы тақырыпта кеңінен әңгімеледі.
Жиын соңына қарай алаңда жел­біреп тұрған Қазақстан халқы Ассам­блеясының Туы түсіріліп, оны Серік Ералыұлы аудандық мұражайға қою үшін салтанатты түрде осы мекеме директорының міндетін атқарушы Кәм­шат Қарабаеваға тапсырды.
Сондай-ақ, жиында халықтар ара­сындағы достықты нығайтудағы бел­сенділігі үшін бірқатар азаматтар Алғыс хатпен марапатталса, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Көшпенбет Нұрбеков пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылыққа эт­носаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін облыс­тық Қазақстан халқы Ассамблеясының естелік белгісі табыс етілді.