Ақпараттық пойыз қаламызға келді

http://turizm-hit.ru/

Қамысбай Сауқымов, «Талас тынысы»
Облыс әкімінің тап­сыр­масына сәйкес Елбасы­ның Қазақстан халқына арнаған Жолдауын наси­хаттау мақсатында «Өсім. Реформалар. Даму» атты ақ­параттық пойыз қаламызға келді.


Құрамында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Сол­тыбаев, дәрігерлер, облыстық филармония әншілері, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар бар ақпарат­тық пойызды қала жұртшылығы зор ықыласпен қарсы алды.
Сондай-ақ, бұл пойызбен 300 тонна азық-түлік тиелген вагондар да Қаратау стансасына келіп тоқтады.
Қала стансасына жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев Елбасының биылғы жаңа Жолдауының маңызына айрық­ша тоқталып, Президенттің экономикалық өсім туралы келелі ойы мен жастарды жұмысқа тарту, қаржылық секторды қайта реформалау жөніндегі тұжырымдарын айта келіп, ауданның тыныс-тіршілігіне де кеңінен тоқталды.
Ал, Е.Солтыбаев қазіргі ауа райының қытымырлығына қарамай, ақпараттық пойызды күтіп алған қаратаулық­тарға ризашылығын білдіріп, Талас өңірі ұлттық құндылықтар­дың ұйысқан жері, таластықтар әрдайым бақытын берекеден тапқан жандар екенін ыстық ықыласпен айта отырып, Жолдау жолдарына тоқталды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төраға­сының орынбасары Ш.Тілеумұрат Жолдау бойынша пар­тия алдында тұрған міндеттерді саралап, онда көрсетіл­ген тапсырмаларды орындау-барша қазақстандықтардың міндеті екенін түсіндіріп, Жолдауды насихаттау әрбір көзіқарақты жанның парызы екенін де айтып өтті.
Бұл күні көптеген қаратаулықтар заманауи медициналық құралдармен жабдықталған вагондардағы дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулықтарын тексертті.
Сондай-ақ, олар арзандатылған бағамен азық-түліктер де алып, риза болып тарасты.