Ұлы мұрат жолы-өркениетке талпыныс

http://turizm-hit.ru/

“Қазақстан-2050” Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.


Қазақстан жолы-2050: «Мəңгілік ел» стратегиясы тəуелсіз Қазақстан тарихының басты деректемелік құжаты Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. “Мəңгілік ел” идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында “Мəңгілік ел” болып қалу үшін бүгінгі заман­ға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады.
“Мəңгілік ел”-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді. Біз үшін болашағымызға бағ­дар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- “Мəңгілік ел” идеясы деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты-елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы-еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік­тер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлты­мыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз еліміз­ді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат еттік.
Ләззат Мадемарова,
аудандық әділет басқармасының бас маманы, Жамбыл қоғамдық бірлестігі филиалы Қазақстан Заңгерлік одағының мүшесі.