Білім мен тәжірибе үндестігі

http://turizm-hit.ru/

Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке мақсатына айналуы тиіс. Осындай алға қойған мақсатпен Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері «Астана» балабақшасына іс-тәжірибеден өтуге нұсқаулық алған еді.


Білімгерлерді балабақша өміріне қатыстыру, бала­лармен тиімді жұмыс жа­сау мен білімін жетілді­руді талап етеміз. Бұл мә­се­лені нәтижелі шешуге бізде «Мақта қыз бен мы­сық» ертегісі жол ашып отыр. Тәрбиешілерден ал­ған тәжірибесімен білім­гер­лер өздерінің білім­дері мен тәжірибелерін үндес­тіре отырып іс-жүзінде пай­даланды. Ең бастысы, білімгерлер шығар­машы­лығына жол ашылды.
«Аққу», «Ақжелкен» ере­сек топтарының бүлдір­шін­дері ертегі желісі бойын­­ша өздеріне берілген рөлдерді жоғары деңгейде орындап шықты.
Жас білімгерлеріміз оқып, үйренгенін іс-жүзінде тәжірибе жинақтауына мүм­кіндік алды.
Айгүл Оңғарбаева, Айгүл Ережепбаева,
«Астана» балабақша­сының тәрбиешілері.