Салық еселеп өсті

http://turizm-hit.ru/


«ТТ»-ақпарат»

Апта ішінде Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қорытынды есеп беру жиынын өткізді.

 

Жиында басқарма басшысы А.Ажмаханов атал­мыш сала қызметкерлерін ауданы­мыздың эко­номикасына қосылған түсім­дермен, өсімдердің бір­неше пайыздап өскенінен хабардар етті. Сандардың статистикалық мәліметі бойынша республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті бюджеттен түскен түсімдер еселеп өскендігі байқалады.
Осы аталған жетістіктерге уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтеріне сәйкес, салық төлеушілердің табыс еткен салықтық есептіліктері мен есеп-қисаптарына жүргізілген камералық бақылау мен салық төлеушілерге жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде берешек сомаларын өтеуге қол жеткізілген
Аталмыш жиында өткен жылды жоспардан артық орындаған кіріс басқармасының қызметкерлері еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді толық қамтамасыз ету басты міндеттері екенін тілге тиек етті.