Жаңа емхана ел игілігіне берілді

http://turizm-hit.ru/

Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"

«Денсаулық зор байлық»,- дейді дана халқымыз. Ал, мемлекетіміздің басты байлығы - адам өмірі мен оның денсаулығы екені баршаға аян.


Мемлекет тарапынан осы мақсатта көптеген бағдарламалар қабылданып, қамқорлықтар көрсетіліп келеді. Осындай қамқор­лықтың аясында ауданы­мызда ел игілігіне қажетті жаңа нысандар бой көтеруде.
Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дық мерейтойына орай қа­ла­мыздан құны 1 млрд 126 миллион теңге тұратын 250 орындық жаңа үлгі­дегі емхана пайдалануға беріл­ді.
Осынау қуанышты аудан халқымен бөлісуге арнайы келген облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев:
- Жұмыс сапарыммен бірнеше рет келгенімде аудан халқының сұранысы жаңа типтегі емхана болса деген еді. Көпшіліктің осы бір тілегін орындау үшін аудан орталығынан емхана құрылысы өт­кен жылы басталған. Міне, бү­гін баршамыз алдағы қос бірдей мереке қар­саңында жаңа емхананы пайдаланбақпыз. Бұл халық денсаулығы үшін жасалып жатқан жақсылықтардың бі­рі. Халықтың дені сау болса, еліміздің мерейі үстем бол­мақ, - деді де, - Тәуел­сіздігіміздің ширек ғасырында Елбасының сали­қалы саясатының арқасында Қаратау қаласы қайта түлеп, ауданнан шалғай жатқан ауылдарда фельдшерлік-акушер­лік пункттер, мек­тептер мен балабақшалар ашылып, ауыз су, газ жүйе­лері жүргізілді. Қалада қараусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлер қайта күрделі жөнделіп, баспанасыз тұр­ғындарға берілді. Жылу құбыр­лары мен кәріз жүйе­лері және көшелер күрделі жөндеуден өтіп, қала шы­райы кіріп келеді, - дей келіп, емханаға тарту ретінде аудандық орталық емхананың бас дәрігері Есмахан Имам­мырзаевқа жаңа жедел жәрдем автокөлігінің кілтін табыс етті.
Көпшілік атынан сөз сөй­леген ауданның Құрмет­ті аза­маты Байұзақ Көлбай­ұлы облыс басшысы К.Көкірек­баев пен аудан әкімі Б.Рысмендиевке Елба­сының сенімін ақтап, ауданы­мыздың өркендеуі жолында жасап жатқан игі істеріне алғыс білдірді.
Келесі кезекте сөз алған осы емхана ғимаратын тұр­ғызған мердігер «Кор­по­рация ЖилСтрой-Та­раз» ЖШС-нің дирек­то­ры Мухаммедқали Умир­баев қуанышқа жиыл­ған көп­ші­лікті алда­ғы мерекелер­мен құттық­тап, символикалық кілтті Е.Имаммырзаевқа тапсырды.
Кәрім Көкірекбаев пен аудан әкімі Болат Рысмендиев және Байұзақ Көлбайұлы емхана лентасын салтанатты түрде қиған соң, көпшілік ішін аралап, ондағы емделуге арналған жаңа құрылғылармен танысты.
Мұнан соң, өңір бас­шысы К.Көкірекбаев апатты жағдайда тұрған аудан әкімдігінің ғимаратын аралап, халықты жылумен қамтамассыз етіп отырған орталық жылу қазандығының қысқы жұ­мыс барысымен танысты.