"ТТ"-ақпарат"
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Жиынға төрағалық еткен партия аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Д.Мәселбеков Жолдаудың орындалу барысын зерделеген жұмысшы топтың қорытындысымен таныстырып, оның орындалуы жоспарлы түрде атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.
Отырыстың күн тәртібінде қаралған үш мәселенің алғашқысы бойынша сөз алған аудан әкімінің орынбасары К.Садубаев Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының аудан көлемінде орындалу барысы бойынша есеп берді. К.Садубаев Жолдау жүктеген міндеттерді орындау үшін аудан әкімінің өкімімен 14 ақпараттық топ құрылып, қала мен ауылдық округтерде насихат жұмыстары жүйелі жүргізілгендігі мен республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың игерілуін егжей-тегжейлі баяндады.
Келесі кезекте қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Әбдібекова 2016 жылдың қыркүйек-қаңтар айларында атқарылған жұмыстарға тоқталса, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Б.Бекетаев ауылдық округтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жұмыстар барысын баян етті.
Бірлескен отырыс соңында есеп берушілерге қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жұмыстарының кемшін тұстарын бақылау комиссиясының мүшесі Г.Маханова хабарлады.