Жоғары деңгейдегі жарыс

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат

“Дене шынықтыру және сауықтыру» спорт кешенінде Талас ауданы прокуратурасының жүлде­сі үшін аудандық құ­қық қор­ғау органдары қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.

Тартысқа толы турнирдің ашылу салта­натында cөз алған аудан әкімінің орынбасары Қадір­бек Садубаев елімізде бұқаралық спортты дамыту кезек күттірмес көкейкесті мәселе екендігіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік білдірсе, аудандық мәслихаттың депутаты Дүйсен Бөлегенов ұйымдас­ты­рушылар тарапына риза­шылығын жеткізді.
Бәсекеге түскен 6 ко­манда, атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Талас аудандық бөлімшесі, Талас ауданының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департа­ментінің Талас ауданы бойын­ша мемлекеттік кірістер басқар­масы, Қаратау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім, Талас аудандық төтенше жағдай­лар бөлімі және Талас аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өзара жеңімпаздарды анықтады. Жарыс барысында аяқдопшылар өзара екі топқа бөлініп, дайындықтары мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Турнир қорытындысы бойынша іріктеуден сүрінбей, қарсыластарынан басым түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Талас аудандық бөлімшесінің командасы жеңімпаз атанса, Талас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жігіттері тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Ал, Талас аудандық ішкі істер бөлімі құрамасы 3- орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы кубоктар мен жүлделерді табыстаған аудан прокуроры Ильяс Тойшибеков спортшылардың еңбектеріне табыс білдірді.