Бәсекеге қабілетті білімді шәкірт

http://turizm-hit.ru/

Еліміздің болашағы - бә­се­кеге қабілетті, білімді шә­кірт­тер. Олар бүгінгі күннен ұстаздарының еңбегін ақтап, түрлі білім сайыстарында топ жарып, тәжірибелерін тиянақтауда.

Бөлтірік шешен ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің дарынды оқушылары да білім сайыстарында топ жарып жүр.
Аудандық қысқы олим­пиа­дада физика пәні бойын­ша 1-орынды жеңіп алған Ерназ Тұрарбек таяуда ел Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғына байланысты Тараз қаласын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “Ашық есік күніне” қатысып, физика-математика, химия-биология бағыты бойынша өткізілген байқауда “ЕХРО - 2017” көрмесіне және Назарбаев зияткерлік мектептерінің жазғы мектебіне қатысу сертификатын жеңіп алды.
Талабы таудай Ерназды жетістігімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі. Бөлтірік шешен ауылы.