Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жұмыс қорытындысы шығарылды

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Талас аудандық со­ты­­ның төрағасы Жам­был Жұ­мабеков 2016 жыл­дың 12 айын­да атқарылған жұ­мыс қо­рытындысы бойын­ша баспасөз кон­фе­­рен­ция­сын өткізді.


- Аталған уақытта 91 тұлғаға қатысты 78 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде, 59 қыл­мыстық іс бойынша 63 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 3 қылмыстық іс бойынша 4 тұлға сот үкімімен ақталды. 12 қылмыс­тық іс медиация тәртібімен аяқталды. 2016 жылдың 12 айында барлығы 1248 азаматтық іс қаралып, 444 азаматтақ іс бойынша шешім қабылданды. 85 аза­маттық іс өндірістен қысқартылып, 31 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 685 сот бұйрығы шығарылды. Медиация тәртібін қол­дану арқылы 47 азамат­тық іс, 1 азаматтық іс парти­сипативтік рәсіммен. 14 іс бітімгершілік келісіммен аяқталды. - деген Жамбыл Жұма­беков “Медиация тура­лы” Заңын қолдануға көп көңіл бөлініп отыр­ғандығын жеткізді.
Сот төрағасының айтуынша, өткен жылдың өзінде 425 тұлғаға қа­тысты 425 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде, 380 тұлғаға 380 әкімшілік құқық бұзушы­лық іс бойын­ша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған. Ал, 44 тұлғаға қатысты 44 әкімшілік іс өндірісімен қысқартылған.
Кездесу соңында Жамбыл Маманханұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байла­нысты рақымшылық туралы қабылданған заңның қолдану тәртібін түсіндірді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер