"Прокурордың 100 кеңесі"- жиі туындайтын сұрақтарға жауап

http://turizm-hit.ru/

Елімізде азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қадағалау қызметінің материалдары негізінде, құқық қорғау органдары Академиясымен бірігіп, «Прокурордың 100 кеңесі» атты анықтамалығы жарыққа шыққан болатын.


Заң тұрғысынан күнделікті тұрмыста жиі туындайтын сұрақ­тарға жауап ретінде құрастырылған практикалық кеңестер жиынтығын халыққа түсіндіру жұмыстарымен «Ашық есік» күнін өткізген аудан прокуроры Ильяс Тойшибеков «Шолақтау» ТКӨК-і, Талас аудандық орталық аурухана, «Игілік» ККМ-нің басшылары және қызметкерлермен кездесіп, көрсетілген кеңестердің жеңілдіктері мен тиімді тұстарын баяндады.
Сондай-ақ, аудан прокуроры қаладағы 69 үй тұрғындарымен жолығып, арнайы дайындалған хабарламаны таратты.
- Ұсынылып отырған анықтамалық заңды құрмет­теу әдебін қалыптастыруға ықпал ете отырып, жеке тұлғаның заңды құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау кезінде әрекет етуге қажет, -деген Ильяс Прмаханұлы жиылғандардың тарапынан туындаған сұрақтарды назарға алды.