Депутат белсенділігі уақыт талабы

http://turizm-hit.ru/

Құдиярбек Омаров Талас аудан­дық мәслихатының IV, V шақырылым­дарының депутаты, 2004 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясынан сайланған аудан­дық мәслихатының депутаты ретінде ауданның әлеуметтік – экономикалық да­муына өз септігін тигізіп келеді.

Атап айтар болсақ, Құдиярбек Кеңесбекұлы Есейхан, Қасқабұлақ ауылдық округте­ріне, Қараой, Қожағаппар елді мекен­де­ріне депутат болып сайланғаннан бері, ауылдың тұрмыс – тіршілігімен ете­не араласып, өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген, ауыл жол­дарын жөндеу, тазалау жұмыстарын, су - тоған, әуіттермен арықтардың жөнде­луін, ауылдағы тұрмысы төмен отбасы­ларға көмек беру, бюджет есебі­нен ауыл­дардың әлеуметтік жағдайының дамуына қаржы бөлу, бөлінген қаржы­ның нақтылы істерге жұмсалуын қада­ғалау бойынша өз міндетін мүлтіксіз атқа­рып, орынды ұсыныс пен өзекті мәсе­лелердің оң шешім табуына ықпал етіп, ау­дан жұртшылығының алғысына бөленуде.
Іскер азамат Ұлы Отан соғы­сы ар­­да­герлеріне, жағ­­дайы тө­мен от­ба­сыларға, «Мек­тепке жол» ак­циясы аясында аз қамтылған отба­сы­ларға көмек беруді жадынан шығарған емес. Жыл сайын қысқы мезгілде Есейхан, Қас­қа­бұ­лақ, Қараой, Қо­жа­ғаппар ауыл­да­ры­ның жолдарын қар ба­сып, көлік қатына­сы тоқтаған кез­де Құдиярбек Кеңес­бек­ұлы қала мен ауыл ара­сындағы жол қатынасын тез арада қал­пына келтіріп, қажетті тех­никалар­мен қам­та­масыз етіп отырады және Үшарал ауылындағы ұзындығы үш шақырымнан асатын жерге құны екі миллион тең­ге тұратын тоған салды. Ағын су жол­дарын бөгейтін тоған, жаяу жүретін жол­дарды тегістеу сияқты көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі ше­шімін тапты. Үшарал ауылының тума­сы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың теңдесі жоқ ақын қызы Күләш Ахметованың туған ауылында тұрған үйін көпшіліктің сұранысы бойынша қазіргі заманның талабына сай жөндеп алғысқа ие болды. Бұл ел тілегін ескерген ел ағасының нәтижелі жұмысы.Өз сайлаушыларымен кездесуді халық қалаулысы еш ұмытқан емес. Омаров Құдиярбек Кеңесбекұлының жұмысы алдағы уақытта да осылай жалғасады деген сенімдеміз.
А.Мырзаева,
«Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының қызметкері.