Дамудың дұрыс даңғылы
- Толығырақ
- Құрылды 07.02.2017 05:23
- Категория: Мақалалар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлының бастауымен облыстық ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында ауданымызға келіп, таластықтармен жүздесті.
Алғаш болып сөз бастаған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлы Жолдау жолдарына шолу жасады.
- Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі Үндеуінен кейін іле-шала жариялаған Жолдауында қоғамның, ұлттың түпкілікті мүддесі бар, - деген Еділбек Бақытжанұлы бұл құжаттың өзге Жолдаулардан ерекшеліктеріне, саяси маңызына тоқталып:
Өз кезегінде облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Нұржанов Абай Құралбекұлы денсаулық сақтау саласы бойынша әңгіме өрбітті.
- Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына айрықша мән беріліп отырады. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс, серпін керек екені баса айтылды, - деген Абай Құралбекұлы:
- Медициналық сақтандыру қорына 3 жақтан, яғни мемлекет, жұмыспен қамтамасыз етілгендер және кәсіпкерлерден қаржы құйылатын болады.
2018 жылдан бастап мемлекет қорға 3 пайыз қаражат құйып отырады да 2023 жылдан бастап 5 пайыздан құя бастайды.
Егер медициналық сақтандыру қорына мүше болсаңыз, онда ақылы қымбат оталар, емдеу шаралары тегін жүргізіледі, - деді.
Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Тұрысов Әлімқұл Мәмбетәліұлы Жолдауда айтылған еліміздің дамуының 5 басымдығына тоқталды.
М. Нәлібаев: - Жолдаудағы 5-басымдықтың 4-тармағында сыбайлас жемқорлық жөнінде сөз болады. Осыған орай, біздің алдымызда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту міндеті тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тоқтамайды, - дей келіп, мемлекеттік қызмет істеріне тоқталды.
Мақсұт Ыбырайханұлы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 15-қадамында мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациялаудан өткізу жөнінде айтылғанын, облысымызда «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестациялаудан өткізу жұмыстары басталғанын хабарлап, бұл жұмыс 3-кезеңнен тұратынын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев биылғы Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, ақпараттық-насихаттық топтың басшысы мен мүшелеріне ризашылық білдірді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы