8 пәтерлі үй пайдалануға берілді

http://turizm-hit.ru/

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Бүгінде тоғыз жолдың торабында орналасқан бұ­рынғы аудан орталығы Ақкөл ауылы өзінің қайта түлеу кезеңіне қадам басты десек қателеспейміз. Соңғы жылдардағы әлеуметтік-мәдени нысандардың бой көтеруі, болмаса қайта жаңғыртудан өтуі соның бір дәлелі дер едік. Күн асқан сайын ауыл ажарланып келеді.


Өткен аптаның жұмасын­да ауыл тұрғындары тағы бір көзайым қуаныштың куәсі болды.
Олай дейтін себебіміз, бұған дейін ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған 8 пәтерлі қос қабатты тұрғын үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві қорынан бөлінген 23478,0 мың теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өтіп, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік пәтер есебінде пайдалануға берілді.
Осынау жұмыс басталар тұста мердігер компания «Еде-мар» ЖШС (басшысы Ерлан Әбенұлы) ауыл қарияларына құдайы тамақ таратып, олардың ақ батасын алған болатын.
Ақкөлдіктердің жаңа қо­нысқа қатысты қуанышын бөлісуге арнайы келген аудан әкімі Болат Рысмендиев ауыл көлеміндегі оң өзгерістерді тіл­ге тиек етті.
- Міне, бүгін көп пәтер­лі тұрғын үйді ел игілігіне ұсы­нып отырмыз, - деді Болат Қанатбайұлы, - бұл са­ла­дағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта да өзінің жарасымды жалғасын табады деген ойдамын. Баршаңызды бүгінгі қоныс тойларыңызбен құттық­таймын.
Бұдан соң аудан басшысы пәтер кілттерін олардың иелеріне салтанатты жағ­дайда табыс етті.
Болат Қанатбайұлы мен ауылдық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Тұрғынбек Тәжібеков нысанның лента­сын қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты.
- Үй алғаныма өте қуа­ныш­тымын, - дейді мем­лекеттік қызметші Руслан Досалиев, - зайыбым екеу­іміз­дің кішкентай екі баламыз бар, осындай үл­кен қуаныш сыйлаған ел ағаларына алғысым зор.
Біз де өз кезегімізде олардың қуанышына ортақ­тасып қайттық.