Ел іргесі еңбекпен бекиді

http://turizm-hit.ru/

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдағалы да біршама уақыт өтті. Ел дамуындағы іргелі істер осы Жолдаудан бастау алатыны белгілі. Сондықтан болар, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары қоғамда үлкен серпіліс туғызады.


Жаһандық үдерістерге сай жаңғыру бағытын айқындаған биылғы Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деп нықтады. Себебі, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Шикізат өндірісін өзімізде өндіруді одан әрі дамытып, ауыл шаруашылығын әртараптандыру үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бүгінде мал шаруашылығы, оның ішінде, етті бағыттағы малдарды бордақылау орындарын, асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды шаралар іске асып жатыр. Осы мақсатта қолға алынып, бүгінде өз нәтижесін берген ауыл шаруашылық саласын субсидиялау бағдарламасының аясында көптеген шаруа қожалықтары шаруаларын дөңгелетіп отыр. Бұл бір жағынан елімізде қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерліктің кең өріс алғандығын көрсетсе керек. Жолдауда Елбасы осы аталған шағын және орта бизнесті қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру бойынша бірқатар маңызды мәселелерді атады. Солардың бірі, алдағы бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Егер, осы аталған мәселе оңтайлы жүзеге асса еңбек өнімділігі артып, агроөнеркәсіп саласын кешенді дамытуға мүмкіндік туады. Бұл мәселе бойынша Елбасы Үкімет пен әкімдерге тиісті тапсырмалар берді. Алдағы уақытта Жолдауда көрсетілген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асатынына сенімдімін.

Орынбасар Ақыбаев,
«Қыдырбек» шаруа қожалығының төрағасы, Тамды ауылы.