Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Мойынқұмда, Мойынқұмда қыстауым

Жылдың ентелеп жеткен екінші айы біздің өңірді де тосын сыйсыз қалдырмады. Тізеден аса толассыз жауған ақұлпа “кәрі құда” қыстың ызғарын кәдімгідей сездіріп, дала мен қаланы, мал мен жанды біраз әбіржітіп тастады.


Осыған орай облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, облыс әкімдігі, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов және аудан әкімі Болат Рысмендиев бастаған топ ауданымыздың Мойынқұммен астасып жатқан өңіріндегі шаруа қожалықтарына жол тартты. Ұзына бойы созылған автокеруен құрамына дәрігерлер, мал дәрігерлері, ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. Айта кетерлігі, қардың қалыңдығы қиындыққа ұшыратқан автокеруенді төтенше жағдайлар министрлігінің жол таңдамайтын арнайы автокөлігі бастап жүрді.
Басқа мезгілдерде қоңыр құмы сан ғасырлы тарихтың сар­қылмас сырын бүркеп жата­тындай көрінетін Мойын­құм­ның қазіргі әлпеті мүлдем өзгеше.
Құмның бетін толықтай басқан үлпілдеген ақұлпа айналаға сән бергендей.
Құмырсқа жолындай созылып, қалың қар үстіне оюлата жол салған автокеруен “Мұқыш” қыстауындағы Әбдір Сағынтаев атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малшыларына табан тіреді. Арнайы келген қонақтарды қыстаудың тыныс- тіршілігімен таныстырған Әбдір Сағынтаев атындағы ЖШС-нің директоры Садықбек Тілеубердиев үш мыңнан астам мал басының қысқы жайылымынан да хабардар етті. Алыстан ат терлете келген ел зиялылары қыстаудағы төрт шопан мен олардың отбасыларына облыс әкімінің сәлемдемесін айтып, автокөліктерге молынан артқан азық-түлік өнімдері ретіндегі сәлем-сауқаттарын тапсырды. Аталмыш қыстауда таңның атысы, кештің батысы мал соңында жүретін аға шопан Әліпхан Жаңабаев биылғы қыстың мал шаруашылығына өте қолайлы болғанын айтып, жем-шөп пен отыннан да еш қысылмағандарын жеткізді. Наурыз айының басына дейін осы бір қыстауды паналауды жоспарлап отырған шопандар ақпанның алабұртқан мі­не­зіне қарамастан мал шаруа­шылығындағы еңбек­терін ескере келген басшыларға алғыстарын жаудырды.
Мұнан соң игі шара мүйіз­­ді ірі қара, жылқы жә­не асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын “Тойғұлы” жерін­де орналасқан “Бәйімбет - Баба” шаруа қожалығында жалғасты.
Бұл қыстауда да облыс және аудан атқамінерлері қараша түскелі күпісін киген шопандар мен олардың отбасыларына арнайы әкелген сый-сияпаттарын табыстады.
Жайылымдық жері 571 гектарға созылып жат­қан мал өсіру қожа­лы­ғы­ның бас­шысы Әбдіғали Берікбаев шаруа қожа­лығының негізгі мақсаты - мүйізді ірі қара малын бордақылап, ет өндіру жә­­не қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын кө­бей­ту екенді­гін мәлімдей ке­ле, шопандар­дың тұрмыс-тіршілігі мен техникалардың қолданыс­тағы қуаттылығы да өз деңгейінде екенін айтты.
Сондай-ақ автокеруен көшіне ілескен ақ халатты абзал жандар қыстаулардағы шопан жанұяларының денсау­лықтарын тексеріп, бүлдіршіндер мен қарттарға дәрі-дәрмектер ұсынды.
Ала таңнан қара кешке дейін жалғасқан игі шара барысында аудан әкімі Болат Рысмендиев Елбасы Жолдауының әлеуметтік маңыздылығы мен айшықты беттерін тілге тиек ете отырып, ”Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламаларының мал шаруашылығын дамытудағы орасан зор көмегі жайлы және ауданымыздағы ауыл шаруашылығының хал-ахуалы жайлы да әңгімелей жүрді.
Қыстың қатулы қабағы­на қарамастан хал­қы­мыздың ата кәсібін жалғастырып, осынау сар далада мал өсіріп, тұқымын асылдандырумен айналысатын шаруа қожа­лықтарына қиын шақта қол ұшын беру алдағы уақыт­та да өз жалғасын табады деген үміттеміз.
Ернар Әбдіразақ.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер