Ауғанда құрбан болды талай боздақ...

http://turizm-hit.ru/

Қамысбай Сауқымов, “Талас тынысы”.
Қаламыздағы Ауған соғысы құрбан­дарына қойылған ескерткіш алдына сол со­ғысқа қатысушы ардагерлер, барлық ме­кемелер, өндіріс орындары мен білім ор­даларының қызметкерлері жиналып, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.


Осы шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Садубаев Ауғанстан Республикасы жеріндегі соғыс Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттері екенін, сол кездегі жас жігіттер саяси ойынның құрбаны болғанын, 10 жылға жуық болған бұл аласапыран әркімнің жүрегінде мәңгі жара болып қалғанын айта келіп:
- Тарихта ақтаңдақ ретінде қалған әділетсіз соғыста 500 мың ауғанстандық және 14453 Кеңес сарбаздары қайтыс болды. Олардың ішінде, Қазақстаннан барған 22 мыңнан астам жауынгердің 761-і ерлікпен қаза тапса, сол 761 жауынгердің 68-і біздің облыстан еді.
Бүгінгі таңда ауданымыздағы интерна­ционалист-жауынгерлердің саны 31 болса, жесірлер саны - 5 адам. Мемлекет, оның ішінде, аудан тарапынан бұл жандарға айтарлықтай көмектер берілуде, - деді.
Кәдірбек Рысқұлбекұлының сөзінен соң жиналған көпшілік Ауған соғысы құрбандарына тағзым ретінде ескерткаішке гүл шоқтарын қойып, Балалар өнер мектебінде осы шараға орай Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының әншілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
ауғанда құрбан болды талай боздақ,
Жүректі қанжылатып, көңіл қозғап.
Алдында ескерткіштің тағзым етіп,
Тұр әне, мәңгі өшпейтін алау маздап,
- деп ақын жырлағандай, Ауғанстандағы соғыста оқ төсеніп, от жамылған сарбаздардың ерлігі келер ұрпаққа үлгі болып қалады.