Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді
- Толығырақ
- Құрылды 01.03.2017 05:39
- Категория: Мақалалар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауында бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерілгені бәрімізге белгілі. Солардың бірі - міндетті медициналық сақтандыру жүйесі. Бұл жүйе ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылмақ.
Осы орайда, қаламыздағы Балалар өнер мектебінде өткен кезекті жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев қала тұрғындарына міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің құрылымы мен маңызы жайында ақпарат берді.
- Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қаралған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.Аталмыш жүйенің құндылығы - келісім-шарт тәртібінің болуы, демек, келісім-шарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы болып табылады - деген Есмахан Әуесбекұлы жұмыссыздар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға осы жүйе аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің пайыздық мөлшерлемелері жайында да айтып өтті.
Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы