Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді

http://turizm-hit.ru/

Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы жылғы «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арна­ған Жолдауында бір­не­ше әлеуметтік-эконо­микалық мәселе­лер кө­терілгені бәрімізге белгілі. Солардың бірі - міндетті медициналық сақтандыру жүйесі. Бұл жүйе ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылмақ.


Осы орайда, қала­мыздағы Балалар өнер мектебінде өткен кезекті жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев қала тұрғындарына міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің құрылымы мен маңызы жайында ақпарат берді.
- Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қаралған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюд­жетке төленетін ау­да­рым­дардың бірдей мөлшерлемесі белгіле­неді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.Аталмыш жүйенің құндылығы - келісім-шарт тәртібінің болуы, демек, келісім-шарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы болып табылады - деген Есмахан Әуесбекұлы жұмыссыздар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға осы жүйе аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің пайыздық мөлшерлемелері жайында да айтып өтті.

Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы