Меморандумға қол қойылды

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат"

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдар­ламасы» аясындағы мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков бас­таған облыстық басқармалар, несие қоры және кәсіподақ бірлестігінің басшылары қатыс­қан кеңес өтті.


Алғашқы сөз кезегін ал­ған Бекболат Орынбеков Елба­сы­ның «Қазақстан-2050» Страте­гиясы қалыптасқан мем­лекет­тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған жаңа бағдар­ламасы» қабылданғанын, ол еңбек нарығында қалып­тасқан проблемаларды тал­дап, сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағыт­талғанын айтып, облыста биыл­ғы жылы атқарылатын жұмыстарға және оларға бөлін­ген қаржыға кеңінен тоқталды.
Облыс әкімдігі ауыл ша­руа­шылығы басқармасының бас­­шысы Нұржан Нұржігітов, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Назарбеков осы бағыт бойынша өз ойларын ортаға салды.
«Жамбыл облысы кәсіподақ­татр орталығы» аумақтық кә­сіп­­одақтар бірлестігінің тө­райымы Бахыт Сапарбаева әлеуметтік серіктестіктің бү­гінгі таңдағы рөлі туралы әңгімелеп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі жүзеге асты.
Үш жақты меморандумға облыс әкімінің бірінші орын­басары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков, аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев, ау­мақ­тық кәсіп­одақтар бірлесті­гінің төрайымы Бахыт Қосалыққызы Сапарбаева жә­не аудандағы бес кәсіпорын, екі мекеме, төрт ЖШС мен үш шаруа қожалықтарының басшылары қол қойды.
Сондай-ақ, бұл күні аудан әкімі Б.Рысмендиев қаладағы 10 кәсіпорын басшыларымен екі жақты меморандумға да қол қойды.