Тұрақты баға тұрғындарға тиімді

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Халық көп тұтынатын азық-түлік тауарлары­ның сапасымен ондағы баға тұрақтылығын білу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, облыс әкімдігі ауыл шаруашылық бас­қармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нің директоры Саха Манатов, облыс әкі­мі аппа­раты агроөнеркәсіптік кешенді да­мыту бөлімінің басшысы Дулат Оспанов жұмыс сапарымен аудан орталығында болды.


Негізінен, тұрғындар көбірек бас сұғатын «Аида» (кәсіпкер М.Нарбек) «Луиза-1», «Луиза-2» (кәсіпкер К.Байтыкова) дүкендерін аралаған арнайы топ сөрелердегі бағалармен танысып, меншік иелерімен тілдесті.
Сапар барысында Абдалы Нұралиев кәсіпкерлерге қорда азық-түліктің бар екендігін және оны пайдалану қажеттігін жеткізді.
Аудан әкімдігінің кәсіп­керлік және өнеркәсіп бө­лі­мі­нің басшысы Аудан­бек Тауа­саров өз кезегін­де тасымал мәселесі шешілмей, тауар баға­сы төмендемейтіндігін алға тартты.
Көкөніс өнімдерінің бағасы қалтаға салмақ болып тұрғаны жасырын емес. Картоптың ке­лі­сі 140 теңгеден басталса, пияз 80 теңдеден сау­дала­нып жатыр. Оның себебін білгенде тағы да алдымыздан тасымал мәселесі шықты.
Мұнан соң топ өкілдері жанар-жағармай бе­ке­тіне бағыт бұрды. Ондағы дизель отыны құны­ның төмендігін көріп ризашылықтарын білдірді.
Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары аудандық штаб мүшелеріне туындаған мәселелердің жолын қарастырып, бағаның тұрақтылығын сақтау қажеттігін ескертті.