Толғандырған сауалдарға толымды жауап берген құжат

http://turizm-hit.ru/

Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбае­в­тың 2017 жылғы 31 қаң­тар­дағы «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауының төртінші басым­дығының үшінші тармағында 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керектігі,

бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты ар­қылы ғана қолдауға ие болуға тиіс екендігі анық көрстілген. Осы­ның негізінде, облыс әкімдігі жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасының ұйым­­дастыруымен облыстық бюд­жет­тер­дің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен “Өрлеу” жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту ту­ралы” ҚР Үкіметінің 13 ақпандағы №52 қаулысын түсіндірумен қатар, тәжірибе алмасу үшін семинар-кеңес өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұ­мыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің бас мама­ны М.Дилдабекова, Талас ауданы әкім­дігі жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламалар бөлімі­нің басшы­сы Д.Абдукасымов және ха­лықты жұмыспен қамту орталығы­ның ди­ректо­ры Е.Еркебаев семинарға қа­ты­су­шы аз қам­тамасыз етілген тұр­­ғындар­ға, учас­келік комиссия төра­ғалары мен мү­шелеріне жаңа енгі­зілетін атаулы әлеуметтік көмек жайын­да жан-жақты түсіндірме жұ­мыстарын жүргізді. Оның ішінде, ең бастысы - 2014 жылдан бері іске қосылған «Өрлеу» жобасы Ережесінің бірқатар өзгерген тұстарын талқылап, көпшілікке түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Өрлеу» жобасы - отбасы мүшелерінің ішінде жұмысқа қабі­лет­тілерін жұмыспен қамту арқы­лы шартты ақшалай көмек тағайын­дайтын бағдарлама. Аталған бағ­дарламаға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылар мен атау­лы әлеуметтік көмек алушы отба­сылардың қатысуға мүмкіндігі бар. Шарт­ты ақшалай көмек деп аталуының өзіндік негізі бар. Ол дегеніміз: алынған қаржының мақ­сатты жұмсалуы яғни, үй құ­сын, малын, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуы керек. Осы жоба­ны қарапайым халық арасында насихаттап, қатысушы отбасыларды сүйемелдеуге ауылдық жерлерде ассистенттер мен қалада консультант (кеңесші) қарастырылған. Бүгінде 13 ауылдық округ бойынша бекітілген 6 ассистент ал, қала бойынша 1 кон­сультант отбасылармен тығыз жұмыс жүргізуде.
«Өрлеу» жобасы жайында толық мәлімет алу үшін мына мекен-жайға келулеріңізге болады: Шейн көшесі, №47 үй, 1 қабат, 13 кабинет.
Айдана Байділдаева,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Өрлеу» жобасының консультанты.