Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Мейірім жандар мейірімге бөленді

10 қа­зан-Мүге­дектер күніне орай қаламыздағы №3 қарттар мен мүге­дектер интернат үйінде есте қаларлықтай әсерлі іс-шара бо­лып өтті. Онда осындағы қызмет алушы мүгедек жандар спорттық ойындардың әр түрінен сайысқа түсті.
Шара алдында мекеме директоры Алтынхан Райымбеков пен лицейдің өнерпаз оқушыларын бастап келген ли­цей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауан Асқаров сөз сөйлеп, мүгедек жандар қоғамның тең құқылы азаматтары екенін, олар қашан да басты назарда болатынын баяндап, ақ тілектерін жеткізді.
Ал, қызу спорттық тартыста қол арбамен 60 метрлік қашықтыққа жарысуда Лес Молдахметов, дойбыдан Андрей Абдуллин, шахматтан Асқар Жайсаңбеков пен Сайлау Рысбаев өзгелерден дараланып көзге түсті.
Бұл күні Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары 7 мүгедек жанға өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын сыйға тартса, М.Әуезов атындағы орта мектеп пен лицей оқушылары қарттар мен мүгедек жандарды әсем әуен бесігінде тербеп, сыл­қым күйдің күмбіріне бөледі.
“Қарттарыңа қарайлап, кемтарыңды де­мей жүр”-деген ұлы қазақ халқының адал ұрпақтары екенін көрсете білген жас өнерпаздар мен қолөнер бұйымдарын тарту еткен білікті өрендерге деген риза­шылықтарын жасыра алмаған қыз-­мет алушылар оларға толқынысты күйде ақ баталарын берді.
Мақпал Абаева,
№3 қарттар мен мүгедектер интернат үйінің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы.

Көп балалы аналардың көзайымы

Қаратау қаласының әкімі Қойшыбай Мақа­шев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 28 тамыз­дағы Жарлығы бойынша “Күміс алқа” алқасымен наградталған Қаратау қаласының тұрғындары Гүлбайра Жабаева мен Әлия Байжұманованы арнайы құттықтап, наградаларын табыс етті.

Толығырақ...

Жүйелі жұмыс жалғасын табады

Қазіргі уа­қыт­та қала аумағында абаттандыру, санитарлық тазалық жұ­мыстары дұрыс жолға қойылған. Бұл алғашқы ретте көктемгі және күз айларында өткізі­летін екі айлық тазалық жұмыстарының нәтижесі.

Толығырақ...

Ел сезімі ерекше көрінген форум

5 қазан күні Астанадағы «Қазақстан» орталық кон­церт залында «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ел» тақы­рыбында республикалық патриоттар форумы өтті. Оған мемлекетіміздің барлық өңірінен келген 2 мыңнан аса деле­гат қатысты.

Толығырақ...

"Мырзашөл" қауынының ақкөлдік үлгісі "Бекен" шаруа қожалығында көрініс тапқан

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Қаратау қаласындағы базарлардан көзге таныс «Мырзашөлдің» сарыала қауындарын алғаш көргенде шеттен келген қауындар ғой деп онша мән бермегеніммен оны саудалаушыдан: «Қай жердің қауыны?»,-деп сұрай салғанмын.

Толығырақ...

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер