Спортшылар ризашылығын білдіруде

http://turizm-hit.ru/

Облыстық мәслихаттың депутаты Мұратқали Сәрсеновтың қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың өтініш-тілектермен көтерген мәселелерін үнемі назарда ұстап, олардың шешімін табуға ықпал етуді мақсат тұтады.


Соның бір айғағы ретінде ауданда спорт нысандарын тиім­ді пайдалану мәселесі бойынша бір топ спортшылардан түс­кен ұсынысты айтуға болады. Соңғы жылдары Қара­тау қала­сындағы орталық стадион ала­ңын көгалдандыру және спорт кешені айналасын көрік­тендіру үшін, ағын судың қажеттілігі туындады, себебі, осы нысандарды абаттандыруға байланысты су тапшылығы қатты сезіліп келеді. Осы мәселе жөнінен спорт сүйер қауым терең құбырлы құдық қазып, суландыру үшін, облыс мәслихатының депу­таты М.Сарсенов және аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Омаровтан терең құбырлы құдық қазу жөнінен ұсыныс жасадық.
Осы аталған мәселелер бойынша халық қалаулылары дер кезінде іспен жауап беріп, қысқа мерзімнің ішінде, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық стадионы және спорт базасының жанынан екі терең құбырлы құдық қазып беруге демеушілік жасады.
Біз спорт сүйер қауым ау­данда спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны және де­меу­шілік көрсеткені үшін облыс мәслихатының депу­таты М.Сарсенов және аудан­дық мәслихаттың депу­та­ты Қ.Омаровқа шексіз алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта спорт жарыс­тарында үздік жетіс­тіктермен қуантамыз деп сендіреміз.

Қанат Шыныбеков,
«Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КММ директоры.