Сауаттылық-сенім кепілі

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

М.Х.Дулати атындағы Та­раз мемлекеттік универ­ситетінде «Тау-кен және көлікті пайда­лану» кафед­расы оқытушыла­ры­ның ұйым­дастыруымен «Ді­нің тұрсын-дін аман» атты дөңгелек үстел өткізілді.


Шарада алғашқы болып сөз алған «Жалпы білім беру пәндері» факультетінің дека­ны, техника ғылымдарының докто­ры Құдайберген Дүй­сенбин: -Біз институтта оқы­ған тұста жас­тар арасында атеизм­ді насихат­тады. Ал, буыны қатпаған біздер дін туралы әңгіме болғанда ден қойып, құлақ асатынбыз. Өйткені, бір тылсым күштің барын мойындайтынбыз. Дінге сенуіміз керек. Біздің діні­міз-ислам діні. Ол имандылық. Дұрыс тәрбиеге бастайды. Ол үшін діни сауаттылықты қалыптастыруы­мыз қажет. Сауат­тылық адамға сенім ұялатады,-деді.
Жиын барысында көпшілік Елбасы Н.Назарбаевтың “Ұлытау төріндегі сұхбатынан” бейнеролик тамашалады.
Өз кезегінде ауданның бас има­мы Н.Әлиев сауат ашу бағытын­да жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндады.
- Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 60-қа жуық мешіт бол­са, қазір олардың саны 3000-ға дейін жетті. Бұл қатарымыздың көбейгенін білдіреді.
Діни ағымдардың салдары­нан ата-аналар балаларын мешітке жіберуден қорқатын болды. Заң­гердің заңнан білімін толықтыра­­тыны секілді, жастар мешітке ба­ру арқылы имам, молдалардан сауа­тын ашады.
Салафизм, таблиғи жамағат бәрі де ағым болып есептеледі. Олардың мүшелерін қалай та­нимыз? Бұрынырықта балақ­тарын қысқартып, сақалдарын өсіретін. Алайда, заңмен шектеу­ге байланысты түр-пішіндерін өзгертті. Бірақ, оларды әңгіме бары­сында аңғаруға болады. Қоғамға көңіл толмастық біл­діреді. Ондайлар­дан басты ала қашуымыз керек. Біздер бақилық болған әруақтарға арнап Құран бағыштаймыз, ата-анамызға құр­мет көрсетеміз. Олар бұлардың бірін де жасамайды. Әке-шеше­сіне дұшпан көзімен қарайды. Мұндай жағдаймен бет­пе-бет кез­дессеңіз, жақын арада­ғы мешітке хабарласыңыз.
Ал, діни сауатымызды ашып, дәстүрлі ислам дінімен жүрсек ағымдағылардың сөзі жүрмейді, жұмыстары тоқтайды,-деді Нұр­сұлтан Әлиев.
Басқосу соңында дене шы­нықтыру пәнінің оқытушысы Бектемір Жатқанбаев имандылық пен адамгершілікті нығайтуға сер­пін беретін дәстүрлі дініміздің маңыздылығы жайында әңгіме­­леп, жастарды сауат ашуға ша­қырды. Көпшілік тарапынан қойылған сұ­рақтарға жан-жақты жауаптар қайтарылды.