Қайырымдылық қасиетіңді арттырады

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"

Әрбір мұсылман өзіне жүктелген дәстүрді берік ұстанып, діни парыздарды ықыласпен орындаса кенелетін сауабы да зор болмақ.


Қасиетті Құранда: «Алланың қастерлі ұғымдарына құрмет көрсету- жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят») делінген. Имандылыққа бет бұрып, ізгі жолда жүргендер үшін игі амалдың бірі- мұқтаж жандарға мейірім танытып, қамқорлық көрсету.
Күнәдан арылтып, шапағатына бөлейтін қасиетті Ораза айының мүбәрәк Қадір түні қарсаңында Қаратау орталық мешіті қызметкерлері пітір-садақа есебінен және ақ пейіл азаматтардың демеушілік ықпалымен мүмкіндігі шектеулі жандар және жағдайы төмен, көп балалы, асыраушысы жоқ 80 отбасыға азық-түліктей бір реттік көмек қолын созды.
Ұйымдастырылған қайырым­дылық шара­сына байланысты ауданның бас имамы Нұрсұлтан Әлиев: - Күндердің сұлтаны саналатын қасиетті Ораза айында мұндай ізгі іс дәс­түр­лі түрде өткізіліп келеді. Қамқорлыққа мұқтаж тұрғындардың тізімін жа­сап, сол арқылы жәрдем беруге ты­рысамыз. Мәселен, жуырда 20 от­­басына 1 қап қант, 1 қап ұн, 5 литр өсімдік майынан үлестірдік. Сон­дай-ақ, 7 отбасына 2 қой етін беруді жөн көрдік. Халық өз ризашылықтарын білдіруде,-деп әр адам өзіне қалаған жақсылығын мұсылман бауырларына лайықты санау қажеттігін жеткізді.