Сауаттылық сенімді арттырады

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, Талас тынысы"

Балалар өнер мектебінде Қазақстан мұ­сылмандар діни басқармасы жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қабылбек Әліп­байұлының қатысуымен білім сала­­сы қыз­мет­керлері арасында дін­дегі ради­кал­ды ағымдардың қауіпін түсін­діру­ге арналған кездесу өтті.


Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас­шысы Жасөркен Жақсылықтың тө­ра­ға­лығымен өткен басқосуда әлемді дүр­лікті­ріп отырған террорлық қақты­ғыс­тарға қатысты пікір білдірген Қабылбек Әліпбайұлы: - Біздер бірнеше жыл бұрынырақ радикалды діндерге байланысты әңгіме болса, шетелдерді мысалға келтіретінбіз. Көп ұзаған жоқ ондай жағдайлар біздің қоғамда да көрініс бере бастады. Бүгінде жастардың дінге деген бетбұрысы өте қарқынды. Сондықтан, тәрбие отбасынан басталады. Кейін өкінбес үшін, бұл бағыттағы жауапкершілігімізді сезінуіміз қажет.
Бізге дін дәстүр арқылы жетті. Уақыт өте екі құндылығымыз өзара үйлесім тап­ты. Ал, радикалды ағымдардың мақсаты тек дінді насихаттау арқылы дәстүрден ұлтты алшақтату болып табылады. Сол себепті, діни сауатты жетілдіруіміз керек, - деді.
Жиынды қорытындылаған аудандық Қаратау орталық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев ұрпақ тәрбиесін назарға алып, арнайы шаралар арқылы балалардың діни танымын арттыру қажеттігін жеткізді.